16 шілде 2015 | 12:18

Талғат Ермегияевке 4 миллиард теңгеден астам пара алды деген күдік келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Strategy2050.kz © Strategy2050.kz

Талғат Ермегияевке 4 миллиард теңгеден астам пара алды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысына қатысты іс туралы жаңа мағлұматтарды жария етті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Талғат Ермегияевке 4 миллиард теңгеден астам пара алды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басшысына қатысты іс туралы жаңа мағлұматтарды жария етті.

"Тергеу кезінде Ермегияевтің пара ретінде қолма-қол 4 миллиард 200 миллион теңге алғаны анықталды. Сот 10 лауазымды тұлғаға қатысты шара қолданды", - деді Айгүл Шайымова мемлекеттік қызмет деректерінің әсері жайында болған ОҚК брифингінде.

Еске сала кетейік, 12 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты 176-бабы, 4-бөлімінің "б" пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша бөтеннің мүлкін пайдаланды деген күдікпен Талғат Ермегияевті екі ай мерзімге үй қамауына алу туралы шешім шығарды.

18 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты Талғат Ермегияевтің мүлкіне, нақтырақ айтсақ, "Са-Бек" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "ТКМ" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "Глобус Алматы" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз); "ХОЗУ-Транс" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 100 пайыз); "Рахат-АВТО" (іскерлік қатысу үлесі - 18 пайыз); "Глобус Астана" ЖШС-на (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз) тыйым салды.

2015 жылдың 11 маусымында Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Бұл қызметке Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келді. Ермегияев қызметінен босатылғаннан екі күн өткеннен оның қамауға алынғаны белгілі болды.

Кейін Қазақстан Президенті республикалық арналардың біріне берген сұхбатында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің ұсталуының "ауыр жағдай" болғанын айтты.  

Айта кетейік, Ермегияевтен басқа "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев пен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов те тергеліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer