Алматы облысында сотталушы сот залында өзін тілгілеп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
Алматы облысында сотталушы сот залында өзін тілгілеп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
32 жастағы Бақберген Есенаманов есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысқаны үшін үш жыл үш айға бас бостандығынан айырылды. Алайда, ер адам өзінің кінәсін мойындамай, есірткіні қалтасына Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлерінің салып жібергенін мәлімдеді. Ол ұсталған кезінде полицейлердің оның қалтасына сіріңке салғанын, кейін қылмыстық істі тоқтатуға 10 мың доллар қаражат бопсалағанын айтып берді. Десе де, сотталушы мұның не мақсатта жасалуы мүмкін екенін түсіндірмеді. Бұдан кейін ол шарасыз жағдайына байланысты судьяға өзін-өзі өлтіретінін айтты.
Есенаманов үкім оқылып жатқанда өзіне ұстараға ұқсас затпен бірнеше рет жарақат салды. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Кейін тергеу изоляторына жіберіледі.