Алматыда өрт болған үйден әйел адамның мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өрт болған үйден әйел адамның мәйіті табылды

Алматыда өрт болған үйден әйел адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.


Сағат 05.53-те "101" пультіне 3-ықшамауданда орналасқан төртқабатты үйдегі 3-қабаттың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келген. Өрт сөндірушілер 8 минуттан соң сағат 06.07-де оқиға орнына барды. Өрт шыққаны жайлы ақпарат расталды: көрсетілген мекенжайдағы пәтер өртенген. 

"Өртті сөндіру кезінде жуынатын бөлмеде бас жарақатын алған әйел адамның мәйіті табылды. Ол сол пәтердің 1966 жылғы иесі екен. 20 адам эвакуацияланды. Олардың бесеуі - балалар. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып қалды. Олардың біреуі - 1983 жылғы ер адам. Ол қалалық жедел жәрдем ауруханасына токсикология бөліміне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер 06.19-да өртті сөндіріп, сағат 06.26-да өрт ауыздықталды. Өрт 35 шаршы метр аумақты қамтыды. Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр. Өртке қатысты іс материалдары Алматы қалалық ІІД-не жіберілді.

Читайте также

Валюта бағамы

 470.74   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +27
Ақтау +32
Ақтөбе +34
Атырау +26
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +29
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +29
О
Орал +31
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер