14 ақпан 2017 12:58

Универсиада-2017 жиһазы мен тұрмыстық техникасы мұқтаждарға үлестірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атлетикалық ауылдың барлық жиһазы мен тұрмыстық техникасы Алматының әлеуметтік мекмелеріне тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атлетикалық ауылдың барлық жиһазы мен тұрмыстық техникасы Алматының әлеуметтік мекмелеріне тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Универсиада мұрасы" жобасының аясында 140 мың тұрмыстық, ұйымдастырушылық және арнайы құрылғылар Алматының 500 әлеуметтік мекмелеріне таратылды. Оның ішінде, спортшылар үшін қойлыған төсектер, тоңазытқыштар, теледидарлар, медициналық жабдықтар мен кеңсе техникасы қалалық ауруханаларға, мектептер, емханалар, балабақша, колледж, спорт мектептері, жатақханалар мен ардагерлер үйіне берілді.

"Аураханаларда дайындық жұмыстары айтарлықтай өткізіліп, материалдық-техникалық база жақсартылды және қызметкерлер ағылшын тілінің курстарына қатысқан болатын. Универсиада әсерін ойындар аяқталғаннан кейін де сезініп жатырмыз", - дейді Перинтология және балалар хирургиясы орталығы директорының орынбасары Гаухар Көшкінбаева.

Универсиада нысандарын тұтыну және қарау бойынша директор Сергей Апенконың айтуынша, барлық тұрмыстық техника мен жиһазды әлеуметтік сала нысандарына тапсыру туралы шешім қала басшылығымен Универсиада басталмай тұрып қабылданған.

Еске салайық, Алматыда Универсиада тарихында алғаш рет 500 орынға арналған Атлетикалық ауыл салынды. "Универсиада мұрасы" жобасының шеңберінде бұл баспаналар кезекке тұрғандарға беріліп, осы арқылы қаладағы үйге кезек саны 10 пайызға азаяды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети