16 ақпан 2017 16:56

Жаңаөзен қаласында қоғамдық көлік тапшы болып тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Жаңаөзен қаласында халық саны соңғы бес жылда қарқынмен өсіп, қаладағы қоғамдық көліктерге де қажеттілік артты, - деп хабарлайды 72934.kz сайты.


Жаңаөзен қаласында халық саны соңғы бес жылда қарқынмен өсіп, қаладағы қоғамдық көліктерге де қажеттілік артты, - деп хабарлайды 72934.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, бұрыннан бері жолаушылар тасымалына қолданып келген газель автокөлігі бүгінде қала тұрғындарына жетікіліксіз. Көліктің сыйымдылығы аз, оның үстіне маршрут аралық интервалы өте сирек, сол себептен жүргізушілер газель көлігінде белгілі мөлшерден тыс жолаушылар тасымалдап, қауіпсіздік талаптарын бұзылып жатады екен. Осы мәселеге байланысты, қала әкімі мәлімдеме жасаған. 

"Енді маршрут мәселесін білемін. Маршруттың басшыларымен кездестім. Өткен жылы бір маршрутымыз 5 автокөлік алды. Енді қалғандарымен де жұмыстар жасап жатырмыз. Көліктерді жаңарту, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету, маршруттардың да сызбасын қайта бекіттік, олардың арасының сиректігін қайта қарайтын боламыз. Қазір маршруттардың барлығы жүйелі түрде жүріп тұр деп есептейміз", - деді Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.8   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети