Каскадердің өлімі: Алматы полицейлері өлім себебін анықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каскадердің өлімі: Алматы полицейлері өлім себебін анықтап жатыр Қасым Жұмағожин

Каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Каскадердің өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Қазіргі уақытта Алматы қалалық Медеу ауданының Полиция басқармасының Тергеу бөлімшесіндегілер 2018 жылдың 3 қарашасына қараған түні "ТСБ" түнгі клубында қайтыс болған 1984 жылғы Жұмағожиннің өліміне қатысты істі тергеп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің қызметкерлері.

Сондай-ақ, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылады. Нәтижесінде болған оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.

Мұның алдында Қасым Жұмағожиннің жары Альбина каскадердің өліміне қатысты жалған ақпарат таратушы әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жариялаған болатын.

Еске сала кетейік,  4 қарашада Nomad Stunts командасының өкілі, қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын. Ал кейінірек Nomad Stunts командасындағылар танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берген еді. Nomad Stunts тобының коммуникациялар жөніндегі менеджері Евгения Лидің айтуынша, 3 қарашада Қасым Жұмағожин әріптестерімен бірге барлардың бірінде шоу-бағдарламаға қатысқан. Сценарий бойынша ол асылып тұрған мумияны сомдаған.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +18
Ақтау +22
Ақтөбе +19
Атырау +25
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +19
П
Павлодар +16
Петропавл +19
С
Семей +15
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +20
О
Орал +18
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер