"Барселона" қатарынан екінші рет "Эль-Класиконы" жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселона" қатарынан екінші рет "Эль-Класиконы" жеңді

2 наурызда түнгі уақытта "Сантьяго Бернабеу" стадионында Испания біріншілігінің 26-шы айналымы аясында мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселона" арасында ойын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әлемдегі ең тартысты кездесу болып саналатын қос команданың бұл жолғы ойыны 0:1 есебімен каталондықтардың пайдасына шешілді. 

Гол авторы - Иван Ракитич. Хорват ойынның 26-шы минутында қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді.

Еске салайық, 27 ақпанда, Испания кубогының қарымта ойынында "Барселона" футболшылары мадридтік "Реалды" ойсырата жеңіп, жарыс финалына шықты. Барселонада өткен бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Қарымта ойын Мадридтің "Сантьяго Бернабеу" стадионында болды, есеп 3:0.

60 ұпаймен каталондық команда көш бастап келеді, ал мадридтіктер үшінші орында тұр.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +27
Ақтау +30
Ақтөбе +32
Атырау +32
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +31
Қ
Қостанай +35
Қызылорда +30
П
Павлодар +30
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +32
Тараз +36
Түркістан +26
О
Орал +31
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер