Астанада өртсөндірушілер жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада өртсөндірушілер жанармай бекетінде жарылыстың алдын алды © Астана қалалық ТЖД

Астанада жанармай құю бекетінде көліктен өрт шықты, ол жарылысқа әкеп соғуы мүмкін еді. Болған оқиға туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Құтқарушылардың ақпараты бойынша, өрт Қорғалжын тас жолы, 6 мекен-жайындағы "Синойл" АЖҚС-да болған.

"АЖҚС аумағына №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі келгенде "KIA Sportage " маркалы автомобиль жанып жатқан. Жедел және кәсіби деңгейде істелген жұмыс пен дұрыс қабылданған шешімнің ақасында өрт жарылысқа ұласпады. Сондай-ақ, жақын орналасқан көліктер қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланды, осылайша қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды", - делінген хабарламада.

Өрт 21.24-те ауыздықталып, 21.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. "KIA Sportage" автокөлігі толығымен жанып кетті, сондай-ақ, май құю колонкасының резеңке және пластмасса құралдары зардап шекті.


© Астана қалалық ТЖД

Өрт сөндіруге жеке құрамның 14 қызметкері мен 5 техника жұмылды. Астана қаласы ТЖД өкілдері оның себебі анықталып жатқанын хабарлады.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +27
Ақтау +31
Ақтөбе +34
Атырау +33
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +29
П
Павлодар +27
Петропавл +32
С
Семей +34
Т
Талдықорған +34
Тараз +38
Түркістан +27
О
Орал +32
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер