Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қай аренада өткізетінін шешті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қай аренада өткізетінін шешті Геннадий Головкин. Фото: HBO Boxing

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін қай аренада өткізетінін шешті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


LA Times ақпараты бойынша, GGG келесі кездесуін өткізу үшін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасын таңдаған. Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша бірінші жекпе-жегіне ең қолайлы уақыт ретінде 8 маусым аталып отыр.

Бүгін, 3 сәуірде Головкиннің командасы Нью-Йорк штаты атлетикалық комиссиясының өкілдерімен жиналып, MSG аренасында осы мерзімде жұдырықтасу мәселесін талқыламақ. Егер 8 маусым болмаса, келесі нұсқа ретінде 14 маусым, жұма қарастырылады. Өйткені 15 маусымға Лас-Вегаста Тайсон Фьюридің кездесуі мен UFC-дің жекпе-жек кешін трансляциялау жоспарланған.

Мұның алдында Головкин рингке 8 маусымда оралатыны және қарсыласы The Contender реалити-шоуының жеңімпазы, америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болатыны хабарланған еді.

Қыркүйекте қазақстандық орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 470.74   537.75   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +22
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +21
С
Семей +21
Т
Талдықорған +24
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +17
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер