Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыда Масанчи мен Қабанбай батыр көшелерінің қииылысындағы полиция ғимараты алдына жиналғандардың алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыда Масанчи мен Қабанбай батыр көшелерінің қииылысындағы полиция ғимараты алдына жиналғандардың алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Барлықтарыңызды жақсы көремін. Жасыратын несі бар, осындай кезде үй өртеніп жатқан кезде біреу бас ұйытқысы келеді, арандататындар болады, оның несін жасырамын. Бірақ ол үшін қарапайым қазақ неге жылауы керек? Қарапайым қазақтың неге маңдайы қанауы керек? Осыны түсініңіздерші, мен барлығыңыз үшін осы жерде өлуге дайынмын. Маған реніші болатын болса, мені ұрсыншы. Мен жаңа үйден келдім, сондықтан барлығыңыз тараңыздар. Дәл осы сәтте арандатуға түсіп қалмай, тараңыздар", - деді Ринат Зайытов жиналған жұрттың алдында.
Еске салайық, бұған дейін Зайытовтың "Алматы Арена" маңындағы алаңда ұсталғаны хабарланған еді. Кейін ол өзінің босап шыққанын айтып, алматылықтарды сабырға шақырып, видео жариялаған.
"Қадірменді ағайын, алматылықтар, алаңдайтындай, толқитындай ештеңе болған жоқ. Сондықтан баршаларыңызды үйлеріңізге тарауыңызды сұраймын. Себебі мен ешбір қазақтың бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді, ағайын. Ешкімге өкпе-реніш жоқ. Бұйыртса, міне, үйге қайтайын деп жатырмын", - деген еді Зайытов таралған видеода.