12 сәуір 2024 09:57

30 мың алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр - ТЖМ "Ақсай" бөгеті туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ч.С. Аринов құрылысы кезінде ақша ұрланған "Ақсай" өзенінің бассейніндегі селді ұстап тұрған бөгетке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ч.С. Аринов құрылысы кезінде ақша ұрланған "Ақсай" өзенінің бассейніндегі селді ұстап тұрған бөгетке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ірі ұрлықтың жасалғаны селді ұстап тұрған бөгетті тексеру кезінде анықталды. Мердігердің нысанды салу бойынша міндеттемелерін орындамағанынан 30 мыңға жуық алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр.

"Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады ТЖМ.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Алматыда төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесімен шарт жасасқан мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. ЖШС "Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу" жобасын іске асырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети