06 желтоқсан 2019 14:00

Жастар жылы аясында Қызылорда облысында қандай игі істер атқарылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президентпен кездесу сәтінен Президентпен кездесу сәтінен

Елімізде жастарды қолдау бағытында игі істер аз емес. Бұл - соңғы толқын өкілдерінің өз ойларын жүзеге асыруға, жобаларын қолға алуға зор септігін тигізіп келеді. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен биыл Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Нәтижесінде биылдың бедерінде елімізде көптеген жарқын жоба, игі бастамалар, ізгі істер жүзеге асты. Көңіл жадыратқан келелі істер Қызылорда облысында да көрініс берді. Ол алда атқарылатын нақты жоспарлар көкжиегін кеңейте түсті.


Елімізде жастарды қолдау бағытында игі істер аз емес. Бұл - соңғы толқын өкілдерінің өз ойларын жүзеге асыруға, жобаларын қолға алуға зор септігін тигізіп келеді. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен биыл Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Нәтижесінде биылдың бедерінде елімізде көптеген жарқын жоба, игі бастамалар, ізгі істер жүзеге асты. Көңіл жадыратқан келелі істер Қызылорда облысында да көрініс берді. Ол алда атқарылатын нақты жоспарлар көкжиегін кеңейте түсті.

Биыл Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігінде жергілікті өскелең ұрпаққа арналған заманауи үлгідегі облыстық "Жастар орталығы" ғимараты пайдалануға берілді. Бұл орталықтың соңғы буын өкілдеріне көрсететін көмегі өте көп. Онда әрбір жас шығармашылық қабілетін шыңдауға, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алып отыр. Нәтижесінде қазіргі таңда аталмыш мекеме жұмысын аймақтың 30 мыңнан астам жасы пайдалануға жол ашылды.

Мұндай маңызды жобалар облыс аудандарында да көрініс берді. Атап айтқанда, 3 аудандағы жастар ресурстық орталығы қайта жаңғыртудан өткізілсе, Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы жаңа ғимаратқа орналасты.

Биыл жастар бастамаларын қолдау мен олардың шығармашылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларға қаралған қаржы көлемі 34 пайызға артып, ол 241 миллион теңгеге жетті. Жастар қоғамдық ұйымдары өткен жылы 37 жоба жүзеге асырса, биыл олардың саны 49-ға жетті.

Тағы бір айта кетерлігі, Қызылорда облысында Жастар жылын өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына ұсынылған жобаларға байланысты үлкен қолдау жасалды. Осындай қамқорлықтың нәтижесінде 14 жоба негізінде 106,5 миллион теңге шамасында қаржы тартылды.

Биыл аймақ жастарының ұсынысымен Сыр өңірінде тұңғыш рет Әзербайжан, Қырғызстан, Башқұрстан, Түркия, Татарстан секілді көршілес бес түркітілдес елдер жастарының халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Сыр өңірі бастамашы болған IT мамандарды даярлауға бағытталған жастар IT эшелоны, аймақтың туристік әлеуетін насихаттау, тарихи-мәдени орындарды таныстыруға бағытталған республикалық лагерь жобасы жүзеге асты. Оған қоса облыс әкімінің жүлдесі үшін "Жайдарман" ойыншыларының республикалық әзіл кеші, көңілді тапқырлар алаңы қатысушыларымен ашық аспан астындағы жастар кеші, ауыл жастарының слеті өткізілді. Атап өтетін тағы бір жаңалық, Қызылордада жастар еңбек бригадалары ұйымдастырылды. Жастардың стартап бизнес идеяларын жинақталып, инвесторлар алдында қорғауға ықпал ететін Kyzylorda Business Hub жаңа жобасы пилоттық режимде бірінші рет жүзеге асырылды.

Биыл жас буын өкілдері арасынан өз саласында жетістікке жеткен аймақтың 125 адам қала, аудан әкімдерінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Бұл бағытта облыс әкімінің "Сыр үміті" сыйлығы мен республикалық Ғани Мұратбаев атындағы "Ғани сыйлығы" жергілікті жастардың өз қабілетін танытуға жол ашты. Сондай-ақ, 12 жас мемлекеттік "Дарын" сыйлығына ұсынылды. Олардың қатарынан мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, боксшы Қамышбек Қоңқабаев, айтыскер-ақын Мейірбек Сұлтанхан үздіктер сапынан көрінді.

Кәсіпкерліе саласында да көрікті істер бар. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 1 077 жас азаматқа мемлекеттік грант берілсе, бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы арқылы 44 жас 21 млн теңге қаражатпен өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 323 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы, 503 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан, күндізгі бөлімде білім алатын 3,5 мың студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге қолдау көрсетілді. Бүгінде жастар арасында облыс әкімінің грантын иеленіп, білім алушылардың саны 1014 адамға жетті.

Сондай-ақ, Ресей Үкіметі бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі маңдайалды инженерлік жоғарғы оқу орындарында білім алуға жолданған аймақ жастарының саны 550-ден асты. Биыл олардың 181-і диплом алып, елге қызмет жасап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети