24 ақпан 2020 21:25

"Ақшаларыңды қайтармаймын!". Қаржы пирамидаларының жұртты қалай алдағаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Гарант 24 Ломбард", "ЕЅТАТЕ Ломбард", "Выгодный займ" компаниялары өткен жылдың қазан айынан бастап 13 өңірде құрылған. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Polisia.kz басылымы жазды.


"Гарант 24 Ломбард", "ЕЅТАТЕ Ломбард", "Выгодный займ" компаниялары өткен жылдың қазан айынан бастап 13 өңірде құрылған. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Polisia.kz басылымы жазды.

Азаматтардың мүлкі мен ақшалай қаражатын алу схемасы кеңселерді жайластыру, қызметкерлер штатын жинау және кәсіпорындардың жалған директорларын тағайындап, өңірлік өкілдіктер ашу әрекеттерімен құрылған. Салымшыларды көптеп тарту үшін қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен кең жарнама науқанын жүргізген.

"Whats App мессенджерінде ЖШС басшылары чат құрып, оған барлық салымшы кірген. Аталған ЖШС азаматтардан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағаға бөліп-бөліп сатып алған, кейіннен 3-5 ай ішінде клиенттерге мәміле сомасының бір бөлігін төледі, ал осы уақытта қабылданған мүлікті үшінші тұлғаларға нарық құнынан төмен сатқан", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, аталған компаниялар өз клиенттерінен депозит ретінде ай сайынғы сомадан 30-дан 40 пайызға дейін сыйақы төлеуге уәде бере отырып, салымдар қабылдаған. Барлық ақшалай қаражат бас кеңсеге құйылатын. Биылғы 15 ақпанда серіктестіктердің басшылары өз қызметін бір уақытта тоқтатып, ұрланған ақшамен бой тасалаған.

Ал 19 ақпанда "Гарант 24 Ломбард" ЖШС құрылтайшысы, 1993 жылы туған Мырзабеков Аслан Пазылжанұлы WhatsApp чатында салымшыларға "Мен сендердің ақшаларыңды қайтармаймын. Сенімдерің үшін рақмет! Тегін ақшаға құмарлар! Бәріңіз сау болыңыздар!" деген хабарлама қалдырған.

Сол күні әр аймақтардағы ішкі істер органдарына азаматтар жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ақша қаражаттарын заңсыз иеленуге байланысты шағым түсіре бастайды.

ІІМ Тергеу департаментінің және аймақтық полиция департаменттерінің қызметкерлерінен тез арада жедел-тергеу тобы құрылады. Бүгінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 2 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

"Бүкіл республика бойынша компания кеңселерінде тінту жүргізілді, бірлескен қызмет туралы шарттар, бухгалтерлік құжаттама, ноутбуктер, оргтехникалар, зергерлік және басқа да бұйымдар алынды. Алынған құжаттарға қарағанда компаниялар 42 мыңнан астам адаммен шарт жасасқан. Алдын ала деректер бойынша келтірілген шығын мөлшері 5 миллиард 411 миллион теңгеге бағаланады", - делінген хабарламада.

Бұл фактілер бойынша 190 (алаяқтық) және 217-баптар (қаржы пирамидасы) негізінде 22 қылмыстық іс тіркелген. 13 адам қамауға алынды. Мемлекетаралық іздеудегі 9 күдікті анықталды, оның ішінде Мырзабеков бар.

“Соңғы уақытта алаяқтық фактілер туралы өтініштердің саны артты. Қалыптасқан жағдай азаматтардың тез табысқа кенелгісі келетінін көрсетеді. Осы мақсатта олар күмәнді ұйымдармен ойланбастан мәмілелер жасайды, қысқа мерзімде үлкен сыйақы алудан үміттеніп, әлгіндей ұйымдарға жинақ салады. Мұны алаяқтар сәтімен пайдаланып, әр түрлі схемаларды қолдана отырып, қаржылық пирамидалар құрады", - деп атап өтті ІІМ Тергеу департаментінің өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети