1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты жаңа тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатыр 19 желтоқсан 2021, 17:11

Ақтаудағы "Флоренция" жаңа тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Ақтаудағы "Флоренция" жаңа тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі кадрларда ғимараттың шатыры жанып жатқаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ 911 | 18+ (@aktau.911)

Төтенше жағдай қызметі 50 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, зардап шеккендердің жоқтығын айтты.

"Қазір зардап шеккендер жоқ. Барлық мемлекеттік органдар жұмыс істеп жатыр", - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Кейін департамент өрт туралы хабарлама сағат 15.08-де түскенін айтты.

"Өрт үйдің 500 шаршы метр шатырында шыққан. Қазір оқиға орнында 80 өрт сөндіруші мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Эвакуациялау кезінде ғимараттан 100 адам шығарылды, оның 20-сы балалар", - деп қосты министрлік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram