Ақтөбе облысында үш апта бойы іздеген 10 жастағы баланың денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында үш апта бойы іздеген 10 жастағы баланың денесі табылды Видеодан кадр/Instagram

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында үш аптаға жуық уақыт бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарынан кейін құтқарушылар 10 жасар баланың мәйітін тапты. Бала Елек өзенінен табылды, ол жерде күндіз-түні жүздеген адам, соның ішінде Ресейден келген құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында үш аптаға жуық уақыт бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарынан кейін құтқарушылар 10 жасар баланың мәйітін тапты. Бала Елек өзенінен табылды, ол жерде күндіз-түні жүздеген адам, соның ішінде Ресейден келген құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізген болатын, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Мектеп оқушысы 29 наурызда жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол достарымен бірге Сарыжар ауылы маңындағы өзен жағасында велосипед теуіп жүрген. Бала сол жерде тайып кетіп, суға құлаған. Содан бері өңірдегі ең ауқымды іздестіру операцияларының бірі басталды.

Мәйіті табылды

ТЖД мәліметінше, баланың денесі ол өзенге құлаған жерден шамамен 9 шақырым қашықтықта табылды. Сүңгуірлер оны қамыс пен қалың бұталардың арасынан тапқан.

"Бүгін Мәртөк ауданында ТЖМ сүңгуірлері 2016 жылы туған жоғалған баланың мәйітін тапты. Мәйіт Елек өзенінен жағадан шамамен үш метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдіктен табылды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдері.

Іздеу жұмыстары 20 тәулік бойы үзіліссіз жалғасты. Операцияға үш жүзге жуық адам — құтқарушылар, сүңгуірлер, әскерилер, полицейлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Күн сайын ондаған шақырым аумақ тексерілді: сүңгуірлер өзен түбін, жаяу топтар жағалауды сүзіп шықты, ал әуеден авиация мен дрондар бақылау жүргізді.

Өзен ағысына ерекше назар аударылды, Елек Ресейге қарай ағатындықтан, іздестіру шаралары Қазақстан шекарасынан асып кетті.

"Біз Орынбор облысының ТЖМ-не сұраныс жолдадық. Олар жедел үн қатып, іздестіру жұмыстарына қосылды. Біздің тараптан Елек өзенінің арнасы Ресей шекарасына дейін толық тексерілді. Ары қарай өзен Орынбор облысының Ақбұлақ ауданы арқылы өтеді. ТЖМ тарапынан аудан әкімшілігіне тапсырма беріліп, олар да іздеуге атсалысты", - деді өңірлік ТЖД басқарма бастығы Аслан Арзымбетов.

Ауқымды жұмысқа қарамастан, табиғи жағдайлар іздеуді қиындатты. Қатты ағыс, ирелеңдеген өзен арнасы, қалың өскен өсімдіктер мен лай су көру мүмкіндігін шектеді. Операцияға қатысушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды, ал жергілікті мектепте оқиғадан кейін профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Бұл жыл басынан бері өңірдегі жоғалған баланы іздеу жұмыстары өліммен аяқталған жалғыз жағдай болып отыр. Құтқарушылар мен полицейлер ересектерді балаларды су жанында қараусыз қалдырмауға тағы да шақырды.

Полиция: үш күн күтудің қажеті жоқ

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 376 адамның жоғалу дерегі тіркелсе, оның 161-і кәмелетке толмаған. Барлығы табылып, үйлеріне қайтарылды. Тек Мәртөк ауданындағы жағдай қайғылы аяқталды.

Өңірлік полиция мәліметінше, алғашқы тәулікте адамның қайда екенін анықтау мүмкіндігі 95 пайызға жетеді. Сондықтан жоғалғандар туралы арыз үш тәулікті күтпестен, бірден қабылданады. Әсіресе балалардың, қарттардың және денсаулығында ерекшелігі бар жандардың жоғалуына жедел назар аударылады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, адамдардың жоғалып кетуіне көбіне отбасылық жанжал мен жеке жағдайлар себеп болады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.35   553.13   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер