"Alageum Electric" КТ Qazaq Tili Endowment Қорына 100 млн теңге жарна аударды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Alageum Electric" компаниялар тобы қазақ тілін қолдау үшін Qazaq Tili Endowment қорына 100 миллион теңге жарна аударды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Alageum Electric" компаниялар тобы қазақ тілін қолдау үшін Qazaq Tili Endowment қорына 100 миллион теңге жарна аударды.

Бұған дейін биылғы жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы болып аталған қорға жеке қаражатынан 7 миллион теңге аударды.

"Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық “Қазақ тілі”қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасынқолдаймыз. Ана тілі - қазақ қоғамының құндылықтарының айнасы. "Alageum Electric" әрқашан қазақ тілін және ұлттық мәдениетімізді сақтауға ерекше назар бөледі. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту шараларына үлес қосу - бұл біздің міндетіміз. Барлық тіл жанашырларын осы бастамаға үлес қосуға шақырамыз", - деді "Alageum Electric” Компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдолла Қожабаев.

Эндаумент қорының басты міндеті - мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым - "Қазақ тілі" қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.

Эндаумент қорының ерекшелігі - қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қордағы қаражат басқаруға беріледі және инвестицияға құйылады. Инвестициялық қызметінен түскен табыс "Қазақ тілі" қоғамының жарғылық міндеттеріне жұмсалады.

QAZAQ TILI Endowment қорын беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылайды.

"Alageum Electric" компаниялар тобы - еліміздегі электротехника саласындағы аса ірі компания. Ол құрамына электротехника, электр машина жасау және құрылыс салаларында сәтті жұмыс істеп жатқан 30-дан аса ірі кәсіпорын мен зауыттарды біріктіреді, олардың ішінде Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты және т.б. Компания өнімдері отандық және халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. Компания өнімдері ТМД мен Таяу Шығыс елдеріне экспортталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
ГК «Alageum Electric»
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer