18 наурыз 2023 16:18

Алматылық оқушылар науқасқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Алматылық оқушылар сырқатқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі. Жасанды интеллект платформасы сырқатқа диагностика жасап, тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас өнертапқыштардың айтуынша, dAIgnosis қосымшасы медициналық оқу орындарының студенттеріне көмекке арналған.

"Біз сырқатты нақты белгілермен анықтауды жасанды интеллектке нөлден бастап үйреттік немесе томография немесе рентген арқылы біледі. Сонымен бірге жасанды интеллект адамның медициналық тарихын ескере отырып, дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Біз медицина саласының студенттерімен де кездестік, олардың біздің өнімге деген қызығушылығы бар. Ең маңыздысы біздің қосымшаны тек медициналық білімі бар адамдар ғана қолданғаны дұрыс", - дейді Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Артур Кнабик.

Бір күн бұрын республикалық физика-математика мектебінің оқушылары миллион теңге ұтып алды. Оны өз қосымшаларын дамытуға жұмсамақшы. Жас өнертапқыштар енді медицина университеттері мен колледждерге барып, өз жұмыстарын көрсетуді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети