26 ақпан 2023 14:01

Астана әуежайында әуе компания қызметкерін ұрған жолаушы жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан алынған кадр видеодан алынған кадр

Астана әуежайындағы жанжал кезінде әуе компания қызметкерін ұрып-соғып, ұсақ бұзақылық жасаған жолаушы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әуежайындағы жанжал кезінде әуе компания қызметкерін ұрып-соғып, ұсақ бұзақылық жасаған жолаушы жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі 2023 жылғы 25 ақпанда Астана әуежайындағы Желілік полиция бөліміне Fly Arystan әуекомпаниясының өкілдерінен Астана - Шымкент рейсі метеожағдайларға байланысты кешігіп жатқаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.

"Осыған байланысты 20-ға жуық жолаушы әуекомпания өкілдеріне наразылық білдіре басталды. 2-терминалдың екінші қабатындағы қабылдау бөлмесінде тұрғанда жеке заттарын, сөмкелер мен пластикалық бөтелкелерді лақтырған, сонымен қатар ақпараттық бағаналар мен қоршау таспалары қиратылды", - деді ведомство.

Іс жүргізу барысында осы рейспен ұшқан астананың 27 жастағы тұрғыны анықталды.

Астаналық әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" және 73-2-бабы "Ұрып соғу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Жағдайды қалыпқа келтіргеннен кейін осы рейстің жолаушылары сатып алған орнынан әуе билеттерін қайтара алады.

Еске салайық, Астана – Шымкент рейсінің жолаушылары рейстің тоқтауына байланысты Астана әуежайында жанжал шығарған еді.

Кейбір жолаушылар әуе компания өкілдерін ұрып, заттар лақтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети