Астанада 13-қабаттағы терезден бала құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 13-қабаттағы терезден бала құлап кетті Фото:depositphotos.com

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдай болды: терезеден бала құлап кетті. Оқиғаға қатысты қалалық полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдай болды: терезеден бала құлап кетті. Оқиғаға қатысты қалалық полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Желіде Астанадағы Тілендиев көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде бала терезеден құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Біз пікір алу үшін елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық.

"Тілендиев даңғылында алты жасар баланың 13-қабаттан құлап кеткені тіркелді. Оқиға кезінде отбасының ересек мүшелері ас үйде болған, ал бала бөлмеде қараусыз қалған. Ол балкон терезесінен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды", - деп хабарлады полиция.

Полиция ескертуі

Ведомство мәліметінше, Астанада 2026 жылдың басынан бері балалар терезеден құлаған 7 жағдай тіркелген, оның екеуі өліммен аяқталды.

"Жазатайым оқиғалардың басым бөлігі ересектердің бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге немқұрайлы қарауынан болады", - деді полиция өкілдері.

Мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында ювеналды полиция инспекторлары тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, елорда тұрғындарына қауіпсіздік шараларын ескертеді.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ қазақстандықтарға мынадай кеңес берілді:

  • үйде бала болса, терезелерді ашық қалдырмау;
  • масаға қарсы торларға сенбеу: балалар оған сүйеніп, тормен бірге құлап кетуі мүмкін;
  • бала терезені өздігінен аша алмауы үшін арнайы қорғаныс құрылғыларын (фиксатор, бұғаттағыш) орнату;
  • бала терезе алдына шыға алмауы үшін жиһаздарды терезеден алыс қою керек.

Бұған дейін Екібастұзда 59 жастағы ер адам терезеден құлай жаздаған баланы құтқарып қалды. Павлодар тұрғыны қайғылы жағдайдың алдын алу үшін көпқабатты үйдің екінші қабатына өрмелеп шыққан.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.6   546.88   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер