Астананың маңында жасөспірім футболшылар мінген автобус аударылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Павлодардан шыққан жасөспірім футболшылар мінген команда Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолында жол апатына ұшырады. Оқиға орнында команданың бапкері көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардан шыққан жасөспірім футболшылар мінген команда Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолында жол апатына ұшырады. Оқиға орнында команданың бапкері көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 18 сәуір күні Mercedes шағын автобусының қатысуымен болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, балалар отырған шағын автобустың жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, көлік аударылып кеткен. Салонда 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала және бапкер болған. Олар Павлодардан Астанаға жарысқа бара жатқан. Апат салдарынан бапкер оқиға орнында қаза тапты. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді, дәрігерлер бақылауында", – делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз хабарламасында.

Ведомство автобус балаларды полицейлердің патрульдік ілесуімен алып жүрмегенін атап өтті.

"Жеке спорт мектебінің басшылары өз шәкірттерін жарысқа жібергенімен, полицияны бұл туралы хабардар етпеген. Осы себепті патрульдік ілесу ұйымдастырылмаған. Қазір бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", – деді полиция өкілдері.

Сондай-ақ Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі де футбол мектебінің полициядан ілесу туралы ресми өтініш түсірмегенін хабарлады. Айта кетейік, бұған дейін Қосшы қаласында балабақшаға бара жатқан бүлдіршіндер мінген шағын автобус апатқа ұшырап, жеті бала ауруханаға жеткізілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.06  course down  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer