05 желтоқсан 2023 23:42

Атыраудағы ескі мектептердің бірі өз есігін қайта ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл - облыста алғашқылардың бірі болып ашылған №1 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі. Мектеп ғимараты 1935 жылы салынған. 2017 жылы апатты деп танылып, өткен жылы реновация жұмыстары басталды. Мектеп оқушылары ІІІ оқу тоқсанынан бастап жаңа ғимаратта оқуын жалғастырады. Оқу ордасының қайта ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Бұл - облыста алғашқылардың бірі болып ашылған №1 Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебі. Мектеп ғимараты 1935 жылы салынған. 2017 жылы апатты деп танылып, өткен жылы реновация жұмыстары басталды. Мектеп оқушылары ІІІ оқу тоқсанынан бастап жаңа ғимаратта оқуын жалғастырады. Оқу ордасының қайта ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Шындығында, бұл - көптен күткен қуаныш. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бала тәрбиесін алдыңғы орынға қойып, оған сапалы білім беруді міндеттеді. Оның аясында облыстағы апаттық және үш ауысымды мектептерді жою үшін бірқатар жұмыс жүріп жатыр. Ертеңгі қоғам бүгінгі балалардан басталады. Сондықтан олардың бәсекеге қабілетті ұлт болуына барлық жағдай жасап жатырмыз. Ал оларды игі істерге үйрету осында жұмыс істейтін ұстаздарға байланысты. Сіздер тәрбиелеген оқушылар ел абыройын көтеріп, сіздердің ғана емес Отанының мақтанышына айналады деп сенім білдіремін", - деді Серік Шәпкенов.

Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте екі ауысымда 326 бала оқиды. Оларға 40 ұстаз білім береді. Оқу ордасы заманауи мектептерге сәйкестендіріліп салынған.

Мектеп ғимараты екі қабаттан тұрады. Оның бірінші қабатында бастауыш сыныптардың оқу блогы, жалпы мектеп асханасы, медициналық кабинет, спорт зал және сыныптардың оқу шеберханалар блогы орналасқан. Ал екінші қабатта жоғары сыныптардың оқу блогы, әдістемелік кабинет, ақпарат орталығының ғимараты, оның ішінде медиа кітапханалар мен оқу орындары бар. Оқу залында әдебиеттерді қабылдау және беру үшін ақпараттық пункт ұйымдастырылған. Сондай-ақ ғимарат жеделсатымен және пандуспен жабдықталған.

Сонымен қатар мектеп аумағында футбол алаңы, жүгіру жолы, әскери дайындыққа арналған алаң, баскетбол, волейбол алаңы және арнайы спортпен шұғылдануға арналған жабдықтар қарастырылған.

Мектепті реновациялау облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен "Теңізшевройл" компаниясының "Игілік" бағдарламасы аясында іске асырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Атырау облысының әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети