30 мамыр 2023 21:23

Биыл Сыр өңірінде 195,6 мың гектарға егін егіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде Сыр өңірінде егін егу науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл облыс бойынша 195,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгінде Сыр өңірінде егін егу науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл облыс бойынша 195,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі - 83,9 мың гектар. Жалпы осы жылы егіс көлемін - 7 мың гектарға, күріш көлемін - 5,3 мың гектарға, мал азықтық дақылдарды - 2,3 мың гектарға ұлғайту межеленіп отыр. Ал Абай ауылындағы "Ақжол" шаруашылығы биыл 250 гектар жерге егін еккен.

Шаруашылық бригадирінің айтуынша, өңірдегі су тапшылығына қарамастан әр гектардан 60 центнерден жоғары өнім алуды көздеп отыр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте БАҚ өкілдері аталмыш шаруашылықтың жұмыс барысымен танысты.

"Біздің "Ақжол" шаруашылығы 1997 жылдан бері күріш егумен айналысып келеді. Кейінгі жылдары өңірдегі су тапшылығы салдарынан шаруашылықтағы егіс көлемі біршама қысқарды. Дегенмен, біз қолда бар мүмкіндікті пайдалана отырып, 250-300 гектарға дейін егін егіп жатырмыз. Жалпы біздің шаруашылықта 15 адам еңбек етеді. Бүгінде мұндағы жұмысшылар Сыр салысын толық суға бастырып, 100 гектар жерге жоңышқа екті. Еккен әр гектардан жыл сайын 60 центнерден жоғары өнім жинаймыз. Шаруашылықта жалпы саны 6 техника қамтамасыз етілген", - деді "Ақжол" шаруашылығының өндіріс бригадирі Жетпісбай Ерденов.

Облыста егін егу жұмыстары 15 наурыздан басталған еді. Бүгінгі күнге дейін 80,5 мың гектар жерге негізгі дақыл күріштің дәні себіліп, оның 72,0 мың гектары суға бастырылды. Ал дәндік жүгері - 210 гектарға, сүрлемдік жүгері - 420 гектарға, күнбағыс - 45 гектарға, соя - 64 гектарға, картоп - 1,7 мың гектарға, көкөніс - 3,7 мың гектарға егілді. Жалпы 3 979 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы толық жөндеуден өткізіліп, көктемгі егін егу науқанына қатысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети