Германия тұрғындарының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін - вирусолог

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия тұрғындарының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін - вирусолог © REUTERS

Неміс вирусологы Шарите Кристиан Дростен бірнеше жыл ішінде Германия тұрғындарының 70 пайызы COVID-19 жұқтыратынын айтады, - деп хабарлайды Germania.one.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неміс вирусологы Шарите Кристиан Дростен бірнеше жыл ішінде Германия тұрғындарының 70 пайызы COVID-19 жұқтыратынын айтады, - деп хабарлайды Germania.one.

"60-70 пайызы жұқтыратын шығар, бірақ нақты қанша уақытта жұқтыратынын білмейміз. Бұл екі жылда болуы мүмкін немесе одан да көп уақыттан соң", - дейді дәрігер.

Дегенмен, вирусологтың айтуынша, дүрлігудің қажеті жоқ. Дәрігер Германияның коронавирусқа дайын екенін айтады.

"Дәл қазір вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік бар. Тұрғындар далада көбірек уақыт серуендесе, вирусты жұқтыру қаупі азаяды", - дейді ол.

Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

Еске салайық,бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети