10 қыркүйек 2023 13:52

Холанд Роналду мен Мессиге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

news.sportbox.ru news.sportbox.ru

Манчестер Ситидің шабуылшысы Эрлинг Холанд Лионель Месси мен Криштиану Роналду арасындағы текетіреске қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, ол француз футболшысы Килиан Мбаппемен бәсекелестік туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол "Месси мен Роналдудың көпжылдық бәсекелестігінен кейін Холанд пен Мбаппенің дәуірі басталды ма?" деген сұрағына былай деп жауап берді.

"Бәрі осылай ойлайтын сияқты. Бірақ Месси мен Криштиану ақылға сыймайтын істер жасағанын ұмытпау керек. Және олар әлі де карерьасын аяқтамағанынын есте ұстаған жөн. Әрине, олар қартаяды, бірақ керемет ойыншылар болып қала береді. Осы қос чемпионның ойынын тамашалау үлкен бақыт деп есептеймін", - деді Холанд.

Сонымен қатар, өзінің Мбаппемен бәсекелестігіне қатысты да түсіндіріп өтті.

"Мен ешқашан өзімді басқа ойыншыларға қарсы қоймаймын. Ондай адам емеспін. Ең алдымен өзіме назар аударып, күн сайын жақсарғым келеді. Өз ісімнен ләззат алуды жалғастыра беремін. Ең үздіктердің қатарынан болуды қалаймын", - дейді норвегиялық L ' Equipe берген сұхбатында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети