Иран ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді

Айжан Калиева
Айжан Калиева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Тегеран Иранда ядролық қару жоқтығына кепілдік беретін келісімге қол қоюға дайын. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елдегі елшілермен кездесуде мәлімдеді. Кездесу Иран теледидары арқылы тікелей көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тегеран Иранда ядролық қару жоқтығына кепілдік беретін келісімге қол қоюға дайын. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елдегі елшілермен кездесуде мәлімдеді. Кездесу Иран теледидары арқылы тікелей көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Біз Иранда ядролық қару болмауын қамтамасыз ететін кез келген келісімге дайынбыз, өйткені біздің ұстанымымыз бойынша, ядролық қаруға тыйым салынған. Бірақ егер келісімнің мақсаты Иранды ядролық құқықтарынан айыру болса, ондай шарттарға біз бармаймыз", – деді Аракчи.


Министр Израильдің Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ешқандай келісімге немесе дипломатияға мүдделі емес екеніне сенімді екенін жеткізді.

"Израиль ешқандай келісімді, ешқандай келіссөзді, ешқандай дипломатияны қаламайтыны анық. Қақтығыс қызған шақта Иранға қарсы агрессияның жасалуы – Израильдің қандай да бір келіссөздерге қарсы екенін көрсетеді", – деді Иран СІМ басшысы.


Сондай-ақ, ол Иран тек өзін қорғайтынын айтып, Израиль тарапынан шабуыл тоқтаса, Иран да қарсы әрекеттерін доғаратынын мәлімдеді.

"Біз тек қорғанып жатырмыз. Егер шабуыл тоқтаса, біз де жауап беруді тоқтатамыз", – деді ол.

Аббас Аракчи АҚШ-тан Израильдің Иранның ядролық инфрақұрылымына жасаған шабуылдарын ашық айыптауды күтетінін айтты.

"АҚШ өз ұстанымын нақты білдіріп, бұл шабуылды шынайы түрде айыптауы тиіс", – деді дипломат.

Сонымен қатар, министр АҚШ-тан әртүрлі арналары арқылы "Вашингтон Израиль шабуылдарына қатыспайды және қатыспақ та емес" деген мазмұндағы хабарламалар алғандарын айтты. Алайда Аракчи Тегеран бұл уәделерге сенбейтінін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer