23 шілде 2023 10:28

Жамбыл облысында ауыл тұрғыны шағын трактор құрастырып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ауыл тұрғыны шағын трактор құрастырып алған. Орынбасар Көбеевтің техникасы үй іргесіндегі шағын шаруаға ыңғайластырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында ауыл тұрғыны шағын трактор құрастырып алған. Орынбасар Көбеевтің техникасы үй іргесіндегі шағын шаруаға ыңғайластырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Оның техникасы қазір жер аударып, қи шығарып, басқа да үй шаруасына жарап тұр.

Орынбасар Көбеев Аса ауылында тұрады. Негізгі мамандығы дәнекерлеуші болса да, бақша егіп мал шаруашылығымен айналысады. Тұрғын қыстыгүні төрт түліктің жем-шөбін тасып, қиын шығару едәуін қиындық тудырады, - дейді. Сондықтан қора жайға сиятын трактор жасауды қолға алыпты. Ол трактор шанағын қалдық темірден құрастырып, бөлшектерін ескі көліктен алған.

"Ескі жигулиім бар етін. Ескі жигулиден шығарып тастаған заттар бар етін. Ступица, задний мост. Жигулидің 5 скоростты каробкасы бұл жерде тұрған. Базардан сатып алдым бұл маторды. Бұл жерде сатып алған заттар мына цилиндрлар. Металломнан барып қарастырып, мынау жарайды екен деп сол жерден жинастырып. 400 мыңның үстінде былай-былай есеппен сондай қаржы кетті. Ал егер бәрін сатып алып, бәрін жаңадан жасайтын болады. Ол кезде 700-800 мыңдай ақша кетіп қалайын деп тұр", - дейді Аса ауылының тұрғыны Орынбасар Көбеев.

Ол техникаға "Барыс-86" деген атау берген. Өнертапқыштың сөзінше, салмағы 500 келі болатын мына шағын тракторды кез келген көлік айдап жүрген азамат басқара алады, айдай алады екен. Орынбасардың шағын тракторы 200 келіге дейінгі жүкті көтеріп, 2 тонна тартатын көлікті сүйрей алады. Бүгінде өнертапқыш өзінің шаруасын тындырып, ауылдағы ағайынға да қолғабыс етіп жүр.

"Көрші-қолаңдардың бағанағы трактор кіре алмайтын жеріне кіріп үлкен техника. Сол жерде күл қоқысы бар қиы бар топырақтарын бір жерден екінші жерге ауыстып дегендей. Сондай жұмыстарды істеп көршілерге де өзінің де шаруа қожалығына көмегі тиіп жатыр. Былай қарасаңыз бір үйге керек техника деп ойлаймын өз басым", - дейді Жамбыл ауданының тұрғыны Фархат Балажанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети