29 сәуір 2024 | 12:47

Қаржылай көмек пен бөгет құрылысы: бизнес Атырау облысына қалай көмектесіп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәуірдің басынан бері Атырау облысы су тасқынының зардабын шегіп жатыр. Өңірдегі өзендерде су деңгейі күрт көтеріліп, халық үйін, заттарын тастап, аман қалу үшін эвакуациялануға мәжбүр болды. Алайда бұл проблемаға бизнес бей-жай қарай алмады. Қазір өңірде гуманитарлық көмек пен қыруар қаржылай көмек жиналып, бөгеттер салынып, эвакуацияланған адамдарға көмек көрсетіліп жатыр. Бұған жергілікті бизнес күші айтарлықтай көмектесіп жатыр.


Сәуірдің басынан бері Атырау облысы су тасқынының зардабын шегіп жатыр. Өңірдегі өзендерде су деңгейі күрт көтеріліп, халық үйін, заттарын тастап, аман қалу үшін эвакуациялануға мәжбүр болды. Алайда бұл проблемаға бизнес бей-жай қарай алмады. Қазір өңірде гуманитарлық көмек пен қыруар қаржылай көмек жиналып, бөгеттер салынып, эвакуацияланған адамдарға көмек көрсетіліп жатыр. Бұған жергілікті бизнес күші айтарлықтай көмектесіп жатыр.

Теңіз кен орнындағы вахталық кентте Жылыой ауданының эвакуацияланған тұрғындары

Мысалы 2 сәуірде жергілікті биліктен көмек беру туралы өтініш түскеннен кейін "Теңізшевройл" ЖШС Жылыой ауданының тұрғындарына бірден көмекке келді. Судан қорғау үшін Құлсарға 100-ге жуық арнайы техника, жұмысшыларға арналған тамақ және жанар-жағармай материалдары жіберілді. 6 сәуірге қараған түні компания өз автобустарымен ауданның 7000-нан астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына көшірді. Ал компанияның және Атырау қызметкерлері зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті жинауды жалғастыруда.

Бизнестің халыққа осылай қолдау білдіруі маңызды, себебі Теңіз кен орнына эвакуацияланған тұрғындардың көбі - баласымен жүрген әйел адамдар, үлкен кісілер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар - ең бірінші кезекте осы жандарға көмек көрсетілді. Тұрғындарға қажеттің бәрі берілді - тәулік бойы медициналық көмек пен балаларға арналған кинотеатрға дейін ұйымдастырылды.

Жалпы су тасқыны кезінде Теңізге Құлсарының 7500-ден аса тұрғыны орналастырылып, олардың көпшілігі бүгінгі күні вахталық кенттерден орала бастаған.

"Бәріміз бір-бірімізге көмектесіп, бір-бірімізге түсіністікпен қарауымыз керек. Бізге өте көп адам көмектесіп жатыр, оларға алғысымыз шексіз. Біз отбасымызбен, балаларымызбен Теңізге 6 сәуірде келдік, бізді өте жақсы күтіп алды. Жақсы жағдай жасалған, төсек-орындар тап-таза, күніне 3-4 рет тамақтандырады, қажет заттың бәрін әкеліп берді. Үй жайлы, ауыл жайлы әзірге уайымдамай, қалағанымызша осы жердеміз, себебі су тасқыны болған жерлерде санаулы көршілер ғана қалды. Оларға бөгет салуға балаларым да, бауырларым да көмектесіп жатыр. Бар ойымыз Құлсарыда, туған жерімізде", - дейді су тасқынынан зардап шеккен 62 жастағы тұрғын Шолпан Байниязова.


Вахталық кентте уақытша орналастырылған эвакуацияланған тұрғындардың бос уақытын өткізуге жағдай жасалған

"Өз үйімізде жүргендейміз. Бәрі ұнайды, қалағанымызша мейрамханада жүргендей тамақтана аламыз. Балалар далада ойнап жүрген кезде оларға Теңіз қызметкерлері қарайласып, күзетіп жүреді. Бұл жер тұрғындар үшін қауіпсіз", - дейді эвакуацияланған әйел.

Әзірге Құлсары тұрғындары ел экономикасының қозғалтқышы болып отырған Қазақстандағы ең ірі кен орнында қай уақытқа дейін болатыны белгісіз. Бірақ қазірдің өзінде кішкентай балалар кен орнының эвакуацияға дейінгі өмірінің күтпеген "қозғалтқышына" айналып үлгерді. Әлеуметтік желіде күзетші баланы қуалап ойнап жүрген сурет тараған болатын. Теңіздегі "сүйкімді проблеманың" бұл көрінісі әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.

"Қазір бізге оңай емес. Су келе сала біз заттарымызды жинап, түнде Теңізге эвакуацияландық. Бұл жерде өмір сүруіміз үшін жақсы жағдай жасалды, өз үйімізде жүрген сияқтымыз. Түрлі тамақтар беріледі, бізге жақсы қызмет көрсетіліп жатыр", - дейді Мақпал Шахарбаева.

Атырауда ТШО еріктілері де белсенді жұмыс істеп жүр - бас кеңсе қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері мен мердігерлік компаниялардың қызметкерлері бір күнде 4,5 тонна гуманитарлық көмек жинады - оның ішінде жеке гигиена заттары, ойыншықтар, кітаптар бар - бұл көмек Теңіз кен орнына ұшақпен жеткізілді. Компанияның кеңсесінде гуманитарлық көмек қабылдау орны белгіленген.

"Біз қиын жағдайға тап болған Жылыой ауданының тұрғындарына көмектесіп жатырмыз. Қазіргі уақытта ТШО еріктілері барлық көмекті үйлестіріп, жылыойлықтармен бірге екенін көрсетіп жүр. Су тасқынынан зардап шеккен Кең Жылыой қалпына келіп, құлпыра түсетініне сенімдімін. Көмек қолымызды созып, қиын сәтте бірлігімізді нығайтайықшы. Құлсары, мықты болыңыздар!", - дейді ТШО еріктілерінің бірі Кимья Лайон.

Қажет заттарды жинап, сатып алу үшін тез әрекет еткен ТШО қызметкерлерінің сөзінше, эвакуацияланған адамдар - әсіресе әйел адамдар да бос жүрген жоқ, олар вахталық кентте тамақ әзірлеуге көмектесіп жүр.


Вахталық кенттегі ортақ асхана

"Теңіз командасына Құлсары тұрғындарының атынан көп рақмет. Табиғи апаттың кесірінен біздің үйіміз судың астында қалды, сондықтан үйімізден тез арада кетіп қалуымызға тура келді. Саяна компаниясы бізді күтіп алып, көмектесті: өз үйлерін босатып беріп, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Аман болыңыздар, еліміз аман болсын", - деп Құлсары қаласының тұрғыны еріктілерге алғыс айтты.

Халық Қара өзен деп атап кеткен Сарыөзек өзенінің маңында ТШО күшімен 8 шақырым бөгет салына бастады. Биіктігі 3 метр болатын бұл инженерлік құрылым топан судан қорғай алады.

"Ауылдың іргесінен бөгет салынса, атыраулықтардың әл-ауқаты жақсарады. Құрылысқа 100-ге жуық қызметкер мен 60-тан аса түрлі техника тартылды. Су тасқыны кезінде бөгет тосқауыл ретінде қызмет етіп, ауылға төнетіп қауіптің алдын алады. Бұл, әсіресе, қала шетінде орналасқан Жайық өзені маңындағы аймақтар үшін маңызды", - дейді жоба менеджері Нұржан Күлбаев.

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсарының 63 жастағы тұрғыны Қуат Боранқұловтың сөзінше, олардың үйі су астында қалғаннан кейін Теңіздегілер барынша қонақжайлылық танытып, күтіп алған. Эвакуацияланған тұрғындар өзін қауіпсіз сезініп, тоқтық пен жылу жайлаған жерде тұрып, балаларының өмірі үшін еш алаңсыз өмір сүріп жатыр, оның үстіне тұрғындар олар су тасқыны мәселесімен бетпе-бет, жалғыз қалмайтынына сенімді.

"Бұл адамдарың өмірі үшін маңызды екенін түсіне отыра "Теңізшевройл" қазіргі таңда су тасқынымен күреске, су басылған кезде қайта қалыпқа келтіру жұмыстары үшін 2 миллиард теңге бөліп отыр. Бұл - халықтың су тасқыны салдарымен күресуі үшін және су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге келуі үшін маңызды қадам. Су тасқыны алғаш басталған күннен-ақ ТШО Атырау облысының мердігерлік ұйымдарымен және әкімдігімен жергілікті халықты және зардап шеккен аудандарда тұратын өз қызметкерлерін қолдау үшін қолда бар барлық ресурстарды ұсыну үшін тығыз қарым-қатынаста", - дейді ТШО Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Айбек Қрамбаев.

Қазіргі уақытта "Теңізшевройл" ЖШС мен мердігерлік компаниялар Құлсарының қалыпты өмірге қайта оралуы үшін қол ұшын созып, барынша көмектесіп жатыр. Компаниялар мүмкіндігінше сорғылар, вакуум машиналары және суды соруға арналған басқа да арнайы жабдықтармен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етіп жатыр.

Компания қауіпсіз және үздіксіз өндірістік қызметті қамтамасыз ету және ел экономикасына сенімді кірістерді қамтамасыз ету арқылы халықпен бірге бірлікте болуға ниетті.

Читайте также
Join Telegram
Путин Астанаға келеді

Валюта бағамы

 491.74   530.25   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети