16 қыркүйек 2023 09:47

Қазақстан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kff_team_futsal Фото: instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы алғашқы ойында Голландияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы алғашқы ойында Голландияны жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін түнде футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Нидерланд құрамасымен кездесті.

Кездесу Алмереде өтіп, 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Бірінші таймда қазақстандықтар белсенділік танытып, 3-минутта-ақ Эдсон команданы алға шығарды. 10-минутта Эдсон дубль жасай жаздады, бірақ қақпа маңдайшасына соқты.

Екінші таймда, дәлірек айтсақ, 28-минутта Пауло Рикардо Кака шәкірттері Дәурен Тұрсағұловтың күшімен есепті еселей алды.

Айта кетейік, Қазақстан және Нидерландтан бөлек "А" тобында Әзербайжан және Румыния құрамалары бар. Отандастарымыз келесі ойынын 20 қыркүйек күні Алматыда Румынияға қарсы өткізеді.

Әлем чемпионатының элиталық кезеңі бірнеше іріктеуден тұрады. Қазақстан іріктеуді негізгі раундтан (екінші кезең) бастады. Элиталық кезеңге Словения және Черногория құрамалары бар топтан бірінші болып шықты.

Бұл кезеңде топта бірінші орын алған құрама әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған құраманың қосымша ойындар арқылы жолдамаға қол жеткізуіне мүмкіндік бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети