22 наурыз 2023 | 17:08

Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа үйіне маусымда кіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қобда ауданының Қобда ауылында барып, су тасқынынан зардап шеккендерге арналып салынып жатқан 24 үйдің құрылыс жоспарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қобда ауданының Қобда ауылында барып, су тасқынынан зардап шеккендерге арналып салынып жатқан 24 үйдің құрылыс жоспарымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа үйлер Қобда ауылының Жаңақоныс шағын ауданында бой көтереді. Барлық инфрақұрылым бар, газ, ауызсу, электр қуаты тартылған. Үйлер биылғы 1 маусымында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Ералы Тоғжанов қобдалықтармен жүздесіп, Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген бүгінгі бастаманың маңызын айтты.

"Қобда ауылында орын алған табиғи апатқа қарамастан, біз бірлігіміз, ынтымағымызды көрсетіп, үлкен істі бастағалы отырмыз. Міне, бүгін Наурыз мейрамында үйлердің қазығы қағылды. Құрылыс барысында өздеріңізбен бірге боламын. Көп созбай, екі айдың ішінде құрылысты бітіреміз. Осындай істе бір-бірімізді демесек, еліміз тұрақты дамиды", - деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Ауыл тұрғыны Жаңабай Шәріпұлының үйі жарамсыз болып қалған. Ол мұнда 20 жыл тұрса да, бірінші рет су тасқынын көрген.

"Сол қиын күндерді басымыздан өткердік. Үйді осы Жаңақоныс шағын ауданынан саламыз дегенде қуандым. Өйткені, газ, су, жарығы тартылған. Үйдің жоспарын көрдім. Өте кең, әдемі болады деп ойлаймын. Қоныстанған соң, қожалық ашып, мал бағуды ойлап отырмын", - деп ауыл тұрғыны.

Аумағы 100 шаршы метр болатын біртиптік үйлердің құрылысымен бес мердігер - "Бабек-Құрылыс", "Ұлан", "Альянс Сервис", "СтройКомСервис", AiserStroyService компаниялары айналысады.

"Өңір басшысымен тапсырмасымен Қобда ауылында орын алған төтенше жағдайға байланысты үй салуды бастаймыз. Бір үйдің аумағы - 100 шаршы метр. Төрт бөлмелі, іші таза әрлеумен болады. Қазіргі таңда жергілікті құрылыс мекемелеріне бес үйден бөліп беріп жатыр. Жоспар бойынша үйлер екі айдың ішінде аяқталады", - деді AiserStroyService компаниясының бас директоры Айдын Есмұханов.

Облыс әкімі құрылыс компаниялары әр үйдің сапалы болуына бар күштерін салатынына, белгіленген мерзімде оны пайдалануға беретініне сенім білдірді.

Сонымен бірге Қобда ауылының шаруа қожалықтары да үй тұрғызуға ынталы. Мәселен, "Бәйтерек" және "Алтын дала" шаруа қожалықтары ауылдағы жас маман – ветеринардың баспанасын салуға көмектеседі. Мұндағы мақсат – ауылда жас мамандардың қалуына сеп болу, жағдай жасау.

Қобда ауылында әлі де төтенше жағдай режимі алынған жоқ. 24 үй төтенше жағдайға қарастырылған бюджетке салынады.

Су тасқыны кезеңінде Қобда ауылында 78 үй, 22 аула аумағы еріген қар суының астында қалды. Залалды бағалау жөніндегі комиссияның алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, 7 үй қалпына келтірілмейді, 4 үйдің қабырғасы құлаған, олар апатты деп танылды, 13 үй суда тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети