18 наурыз 2023 15:30

Қобда ауылында үйлері су астында қалған тұрғындарға 24 үй салынбақшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қобда ауданы Қобда ауылындағы үйлері су астында қалған тұрғындар үшін 24 үй салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қобда ауданы Қобда ауылындағы үйлері су астында қалған тұрғындар үшін 24 үй салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданына сапары барысында тиісті тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Жалпы, 13 наурыздан бастап Қобда ауылында 79 үй, 22 аула аумағы еріген қар суының астында қалды. Залалды бағалау жөніндегі комиссияның алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, 3 үй қалпына келтірілмейді, 4 үйдің қабырғалары құлаған, олар апатты деп танылды, 17 үй суда тұр.

Өңір басшылығы үш отбасыға бюджеттен тыс қаражат есебінен тұрғын үй сатып алуды жоспарлағанымен, елді мекенде бос тұрғын үй болмай шықты. Соған байланысты үй салу жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі уақытта елді мекенде су тасқыны деңгейінің төмендеуі байқалады.

"Сонымен бірге су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті беріледі. Залалды бағалау жөніндегі комиссия үйлер мен аула аумақтарына тексеру жүргізіп жатыр. Аудан тұрғындарынан барлығы 101 өтініш келіп түскен. 75 отбасыға 500 мың теңге көлемінде көмек беріледі. Бұл қаражат комиссия жұмысы аяқталғанға дейін тұрғын үйлерді қалпына келтіруге жұмсалады. Комиссия жұмысы аяқталғанға дейін зардап шеккендерді қолдау мақсатында 75 отбасыға бюджеттен тыс қаражат есебінен 500 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек аударылады. Комиссия барлық ғимараттар мен құрылыстарды зерттегеннен кейін зардап шеккендер залал сомасы туралы сарапшылардың қорытындыларына сәйкес толық көлемде көмек алады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда қардың күрт еріп, даладан еріген қар суының көп мөлшерде келуіне байланысты Қобда ауданының Қобда ауылында 97 аула аумағын су басты, оның ішінде денешынықтыру-сауықтыру кешені, кафе және 51 үй бар. Тұрғындар қауіпсіз жер - эвакуациялық пунктке орналастырылды. 15 наурызда Қобда ауданы әкімдігінің шешімімен жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Ал кеше тасқын судың қысымы мен Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуінен Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданы Қаратал ауылының айналасына қойылған құмнан жасалған қорғаныш үйінді елді мекеннің батыс бөлігінен келген суға төтеп бере алмады, үйіндіні су шайды. Ауылды су басты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети