Қостанайда зейнеткер ерлі-зайыпты өрттен кейін палаткада тұруға мәжбүр

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ng.kz ng.kz

Қостанайда зейнеткер ерлі-зайыпты өрттен кейін палаткада тұруға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда зейнеткер ерлі-зайыпты өрттен кейін палаткада тұруға мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" порталына сілтеме жасап.

31 мамырда төрт пәтерлі үйде болған өрттен кейін ерлі-зайыпты далада қалды. Олар көмек сұрап әкімдікке жүгінген. Алайда әзірге бір реттік жәрдемақтан басқа еш көмек алмаған.

Зардап шеккен Күлімхан Сыбанқұлованың айтуынша, өрт қараусыз қалған пәтерден басталып, үйдің шатырын және көрші үйлерді шарпыған.

"Тек ас үйім қалды, сонда шай ішеміз. Күйеуіммен бірге палаткада ұйықтаймыз. Ол - үшінші топтағы мүгедек, ал мен - көпбалалы зейнеткермін", – дейді әйел.

Өрттен кейін тұрғындар әкімдікке жүгінген, алайда олардың сөзінше, шенеуніктер нақты әрекетке көшпеген.

"Әкімдіктегілер "қарастырып жатырмыз, бақылауда" деді. Екі апта өтті, ешкім келген жоқ, үнсіз отыр. Қандай бақылау? Үйді тіпті көрген де жоқ. "Жаңа үй іздеп жатырмыз, болмаса жөндеуге демеуші табамыз" деді. Бірақ бәрі - өртсөндірушілер де, тергеу комитеті де бұл үйді қалпына келтіруге болмайтынын айтты. Ішкі қабырғалар түгел су болған", – дейді Күлімхан Сыбанқұлова.

Портал мәліметінше, бұл үй бір жарым жыл ішінде екі рет өртенген. Бірінші өрт те сол пәтерден шыққан. Ол кезде онда әйел тұрған, өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. Сол жолы әкімдік тез арада шатырды жөндеп берген, ал қалған жөндеу жұмыстарын тұрғындар өздері несие алып жүргізген.

Қазір өрттің нақты неден шыққаны тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғанда болған оқиға туралы жазған едік. Онда жекеменшік үйдегі жарылыстан кейін 23 жастағы жігіт ата-анасы мен ағасынан айырылып, бауырларының қамқоршысы атанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer