Күн +25°-қа дейін жылынады, кей өңірде жауын-шашын: 20 сәуірдегі Қазақстандағы ауа райы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күн +25°-қа дейін жылынады, кей өңірде жауын-шашын: 20 сәуірдегі Қазақстандағы ауа райы Фото:depositphotos.com

Қазгидромет мәліметінше, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жылы, кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы +25°C-қа дейін көтерілмек. Алайда кей жерлерде үсік сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласында күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +19…+21°C шамасында.

Алматыда аспан бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C болады. Жел баяу соғады.

Шымкентте де жауын-шашынсыз, күн жылы болады. Түнгі температура +6…+8°C, күндіз +20…+22°C.

Көкшетауда күн бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел екпінді, күндіз 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы +21…+23°C.

Қонаев қаласында күн ашық, жел 9-14 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +16…+18°C жылы болады.

Талдықорғанда түнде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.

Түркістанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнгі ауа температурасы +6…+8°C, күндіз +23…+25°C.

Оралда ауа райы ашық, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.

Атырауда күн ашық әрі жылы. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтауда жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.

Ақтөбе қаласында күн ашық, жауын-шашын жоқ. Түнгі температура +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.

Қостанайда ауа райы ашық, шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде +8…+10°C, күндіз +24…+26°C.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +22…+24°C.

Павлодарда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде -4…-6°C, күндіз +17…+19°C.

Қарағандыда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Түнде 0…+2°C, күндіз +17…+19°C.

Жезқазғанда ауа райы ашық, жауын-шашын жоқ. Түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.

Өскеменде ауа райы жауын-шашынсыз, түн суық. Түнде -5…-7°C, күндіз +12…+14°C.

Семейде күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде -6…-8°C, күндіз +16…+18°C.

Қызылордада күн ашық әрі ыстық. Түнде +9…+11°C, күндіз +27…+29°C.

Таразда ауа райы ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5°C, күндіз +18…+20°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +19
Ақтау +20
Ақтөбе +18
Атырау +24
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +21
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +24
Т
Талдықорған +24
Тараз +26
Түркістан +20
О
Орал +19
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер