Қызылордада науқас әйелге дәрігер арнайы рұқсатсыз қауіпті онкологиялық ота жасаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
depositphotos.com depositphotos.com

Қызылордада науқас әйелге дәрігер арнайы сертификатсыз онкологиялық ота жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада науқас әйелге дәрігер арнайы сертификатсыз онкологиялық ота жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласының тұрғыны Д. есімді келіншекке маммолог дәрігер "сол жақ сүт безінің фиброаденомасы" диагнозын қойып, емделу керектігін ұсынған. Осыған байланысты, әйел жоспарлы емделуге жолдама алып, сол дәрігердің ауруханасының хирургия бөлімінде ота жасаған. Отадан кейін әйелдің денсаулығы нашарлап, мазасыздана бастаған.

Науқас әйел медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне жүгініп, хирургтың сапасыз медициналық көмек көрсеткеніне шағымданды.

"Шағымға байланысты, ауруханаға жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Тексеру қорытындысына сәйкес, әйелді емдеу кезінде диагностика мен емдеу клиникалық хаттамаларының сақталмағаны, хирург отаны "онколог маман" сертификатынсыз жасағаны, аурухананың мемлекеттік лицензиясында онкологиялық көмек көрсету туралы қосымшаның жоқ екендігі анықталды", – делінген хабарламада.

Тексеріс нәтижесі бойынша, хирург дәрігерге және аурухана заңгеріне әкімшілік айыппұл салынды.

"Осы мән-жайларға байланысты, әйел Қызылорда қалалық сотына жүгініп, ота жасау кезінде ісік бар сол жақ сүт безінің астыңғы бөлігі емес, жоғарғы бөлігі кесілгенін, ультрадыбыстық зерттеуге қайта түскенде, сол жақ сүт безіндегі ісіктің алынбағаны белгілі болғанын, дәрігер өз ісіне немқұрайлықпен қарағанын, соның салдарынан ауруы асқынып, уайымға салынып, жан азабы мен тән азабын тартқанын көрсетіп, моральдық шығын өндіруді сұраған", – делінген хабарламада.

Қызылорда қалалық соты талап арызды қанағаттандырып, жәбірленушінің пайдасына ауруханадан 2 000 000 теңге моральдық шығын өндіру туралы шешім шығарды. Аурухана бұл шешіммен келіспей, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағыммен жүгінген.

Істің барлық мән-жайын зерделеген сот алқасы бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer