04 қараша 2023 15:07

Қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі екі қалада анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

gov.kz gov.kz

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың мәлімдеуінше, бүгінде А гепатиті мен қызылша ауруының көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр. Тиісті вакцина салдырмай дертке душар болғандар қатары көп. Мәселен, қызылша елдің барлық аймақтарында тіркелген. Ауруды ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда анықталды.

"Осы ретте жергілікті атқарушы органдар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызылшаға қарсы қосымша жаппай екпе салу науқанына дайындық шараларын қолға алған жөн", - деді Айжан Есмағамбетова.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова бұған дерттің қауіптілігі туралы халықтың ақпараттандырылмауы себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Азаматтардың екпеден бас тартуы, жүргізілген насихат жұмыстарының нашар екенін аңғартады. Адам өзіне өзі жау емес. Қауіптің барын білсе, өзін қорғау шараларын қолданады. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі керек", — деп тапсырды Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ жиында елдегі денсаулық сақтау мекемелерінде болған тексеру жұмыстарының нәтижелері туралы да айтылды. Бірқатар нысандарда ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға қатысты жекелеген талаптардың сақталмағаны анықталған. Біразында зарарсыздандыру режимі сақталмаған, кейбірінде қарапайым жеке қорғаныш заттарының жетіспеушілігі анықталды. Егер мәселе шешілмеген жағдайда кейбір денсаулық сақтау нысандарының қызметін уақытша тоқтата тұру мәселесін қарастыру керек екенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети