31 наурыз 2024 17:25

Павлодар облысында бір ауылда 15 үйді су басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында 15 үй су астында қалды. Онда тұратын адамдар құтқарушылардың көмегімен көшіріліп, туыстарының үйіне орналасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында 15 үй су астында қалды. Онда тұратын адамдар құтқарушылардың көмегімен көшіріліп, туыстарының үйіне орналасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысында қардың еруі мен қатты нөсер жаңбырдың салдарынан 18 тұрғын үй су астында қалды. 88 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Су басқан үйлердің қабырғалары жарылып құлауға шақ тұр. Қазіргі уақытта 5 үйден су шығарылды, 13 үйде жұмыстар жалғасып жатыр.

"Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында, Успен ауданының Успен және Вознесенка ауылдарында, Аққулы ауданының Қазы ауылында үйлерді су басты. Барлық зардап шеккендерге уақытылы әлеуметтік және материалдық көмек көрсетіледі. 31 наурыз сағат 15:00-дегі жағдайға сәйкес облыс бойынша Павлодар, Ақтоғай, Железин, Успен, Ертіс және Тереңкөл аудандарында су тасқынына қарсы 8 учаске бақылауда тұр", - дейді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Су тасқыны жағдайының бақылаудан шығуына жол бермеу мақсатында өңірде тәулік бойы жұмыс істейтін облыстық штаб құрылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 446 адам, 98 бірлік техника, 85 мотопомпа, 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

Үш тәулік ішінде 160 мың текше метрден астам еріген су сорылды, 3,5 мың тонна инертті материал төгілді, 6 мыңға жуық қап төселді, делінген әкімдіктің ақпаратында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети