30 сәуір 2023 10:32

"Сұмдық қой". Жетісу облыстық соты ғимаратының аумағында Елтаңба аяқ астында жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: видео скрині Сурет: видео скрині

Талдықорғандағы сот ғимартының аумағында Мемлекеттік Елтаңба аяқ астында тапталып жатыр. Мұны Сандуғаш Дүйсенова есімді қолданушы видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.


Талдықорғандағы сот ғимартының аумағында Мемлекеттік Елтаңба аяқ астында тапталып жатыр. Мұны Сандуғаш Дүйсенова есімді қолданушы видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Жетісу облыстық соты. Қазір Сандуғаштың тіміскіленіп, кірмейтін жері жоқ деп айтасыңдар. Иә, тіміскіленемін, кіремін. Сұмдық қой мынау. Мемлекеттік Елтаңба аяқтың астында тапталып жатыр", - дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Бұл видеодағы әрекет Желі қолданушыларының да ашуына тиген.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі Елтаңба жақын арада ауыстырылғанын, сонымен қатар облыстық сот ғимаратында жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты Елтаңбаның макеті сол күні сыртқа шығарылғанын хабарлады.

"Алайда ол жұмыс күнінің соңына дейін сақтау қоймасына қайта қойылуы керек еді. Негізгі құралдарды есептен шығару кестесіне сәйкес, Елтаңба 2023 жылғы 31 шілдеде жойылуға тиіс болатын. Оған дейін ескі Елтаңба сот ғимаратында сақталуы керек", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Жетісу облысы полиция департаменті бұл видеоны зерттеген.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысы полиция департаменті видео авторына азаматтық ұстанымын көрсетіп, құқық қорғау органдарына хабарлап, анықтауға көмектескені үшін алғыс айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети