Тәжікстанмен арадағы одақтастық қатынастар: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстанмен арадағы одақтастық қатынастар: Тоқаев жаңа заңға қол қойды Фото:depositphotos.com

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, құжатқа екі мемлекеттің басшылары Қазақстан Президентінің Тәжікстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында 2024 жылғы 22 тамызда Душанбеде қол қойған. Келісім одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуді және өзара іс-қимылды кең ауқымды бағыттар бойынша дамытуды көздейді.

Бұл саяси, әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, азық-түлік, өнеркәсіп, су-энергетика, экология, цифрландыру, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты болып отыр.

Сонымен қатар құжат өңіраралық интеграцияны нығайтуға, достық топтары қызметі аясында парламентаралық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.34   544.52   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер