16 сәуір 2020 16:30

Трамптың отбасы мерекені тойлау үшін карантин ережесін бұзған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

АҚШ президентінің қызы Иванка Трамп еврейлердің Песах мерекесі үшін карантин режимін бұзды. Ол мерекені атап өту үшін күйеуі және балаларымен Вашингтоннан Нью-Джерсиге ұшқан, - деп хабарлады New York Times.


АҚШ президентінің қызы Иванка Трамп еврейлердің Песах мерекесі үшін карантин режимін бұзды. Ол мерекені атап өту үшін күйеуі және балаларымен Вашингтоннан Нью-Джерсиге ұшқан, - деп хабарлады New York Times.

Порталдың хабарлауынша, Иванка Трамп мерекені тойлап болған соң Нью-Джерсиде қалған және сол жақтан жұмыс істеп отыр. Ал күйеуі Джаред Кушнер үйіне келген болу керек. Бірақ Ақ үй өкілдері жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Агенттік материалында Иванка Трампты президент әкімшілігі қызметкерлерінің арасында әлеуметтік қашықтық туралы белсенді түрде насихаттайтын тұлға ретінде атап өткен.

"Кімге үйде отыру бақыты бұйырса, соны орындаңызшы", - деп жазды ол жақында.

Сондай-ақ 13 наурызда Иванка өзінің Instagram парақшасында қызы Арабелламен қолдан тігілген маска тағып түскен фотосын жариялады. Иванка қызы үшін және қызы анасы үшін маска тіккен.

"Жаңа апта басталды. Бір-бірімізді қорғайық және CDC (АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) ұсынымдарына құлақ асайық. Көпшілікке шығарда COVID-19 жұқтырмау үшін маска тағыңыздар", деп жазды Трамп. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети