25 мамыр 2022 09:40

ҰҚК реформасы, Головкин-Канело трилогиясы. 24 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді. Полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді. Головкин-Канело трилогиясы өтетін күн жарияланды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 


Сирия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді. Полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді. Головкин-Канело трилогиясы өтетін күн жарияланды. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Қазақстанда карантин кезінде бала туу көрсеткіші жоғарылады 

EnergyProm мониторинг агенттігінің мәліметінше, бала туу көрсеткішінің жоғарылауы 2020 жылы басталған. Сол жылы елде 426,8 мың сәби дүниеге келген. 2021 жылы бұл рекорд жаңарды. Былтыр жаңа туған нәрестелер саны бірден 446,5 мыңға жетті. Ал биыл үш айдың өзінде 95,6 мың туу туралы куәлік тіркелді, яғни 2022 жылы да туу көрсеткіші жоғары болады

Мемлекет 3 мың отбасының пәтер жалдау ақысын төлеп береді 

Мемлекет жалға берілетін баспананың жарты құнын төлеп беретін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы бойынша 3044 отбасының өтініші мақұлданды. "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова өтінімдерді қабылдау әлі де жалғасып жатқанын айтты. Өтінімдерді қабылдау сәуірдің ортасында басталған. Бағдарлама операторы "Отбасы банк" болды.

Қазақстандағы алғашқы АЭС 2035 жылға қарай пайда болуы мүмкін 

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы 2035 жылға қарай пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Алматыда АЭС құрылысының экономикалық аспектілерін талқылау жөніндегі дөңгелек үстелде айтылды. Бүгінде әлем бойынша 441 атом электр станциясы жұмыс істейді. АЭС 32 елде бар, олардың ішінде АҚШ, Франция, Жапония және Үндістан көш бастап тұр. Алдағы уақытта алғашқы АЭС Беларусь, БАӘ, Бангладеш және Түркияда пайда болады. Бұл тізімге Қазақстан да қосылуы мүмкін. Дайындық жұмыстарының кезеңі шамамен бес жыл болады. Бұл уақытта ТЭН мен ЖСҚ әзірленеді. АЭС құрылысының негізгі кезеңі алты жылдай болады. Жобаны іске асыру мерзімі шешім қабылданған күннен бастап шамамен 10-11 жылды алады.

Биыл утильалымнан қанша қаражат жиналады?

Экология министрі Серікқали Брекешев биыл қазақстандықтардың кәдеге жарату төлемдерінен шамамен 700 миллиард теңге жиналатынын айтты. Министр кәдеге жарату төлемдері бойынша алынатын барлық сомадан шамамен 12 миллиард теңге қатты тұрмыстық қалдықтар мен автокомпоненттерді жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге кететінін мәлімдеді. Алдына ала болжам бойынша биыл 690-700 миллиард теңге жинау жоспарланған.

Сирия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді 

14-16 маусымда Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөздердің он сегізінші кезеңі өтеді. Барлық қатысушыға шақыру жіберілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Полиция генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінді 

23 мамырда Антикор қызметі 1963 жылғы полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын  ұстады. Ол 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін "К" азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деген күдікке ілінді.

"Хабар" видеосынан алынған кадр

Президентке ҰҚК реформасы қалай жүргізіліп жатқаны баяндалды 

Мемлекет басшысына ведомствоның осы айда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы есеп берілді. Ермек Сағымбаев Президентке ҰҚК органдарының халықаралық лаңкестікке қарсы іс-қимылдары, есірткі мен қару-жарақтың, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға, Мемлекеттік шекараларды нығайтуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы, соның ішінде негізгі жедел қызметтерге ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және осы саладағы қызметтің тиімділігін арттыратын қажетті құрылымдық өзгерістер енгізу барысы туралы баяндалды.

Фото: Ақорда

Тоқаев Антикор басшысын қабылдады 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді. Агенттіктің мәліметінше, биылғы 5 айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1000-нан астам қылмыстық іс тіркелген. 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Олардың 110-ы әртүрлі деңгейдегі басшылар. Олжас Бектенов мемлекетке келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берді. Жыл басынан бері ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылды. Мемлекет басшысына Агенттіктің бизнеске заңсыз араласудан қорғау тетіктерін қалыптастыру үшін шаралар қабылдағаны жөнінде баяндалды. Іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Соған сәйкес тергеп-тексерудің басталуы мен кәсіпкерлерге қатысты кез келген тергеу амалдары орталық аппараттың келісімі арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Фото: Ақорда 

Ресми: Головкин-Канело трилогиясы өтетін күн жарияланды 

Екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді. Трилогия 17 қыркүйекте екінші орта салмақ дәрежесінде өтеді. Мексикалық боксшы абсолют чемпион титулын алғашқы рет қорғайды.

Тоқаев Украинадағы оқиға әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болғанын айтты 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның қатысушыларына бейнеүндеу жасады. Мемлекет басшысы өз үндеуінде әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, COVID-19 пандемиясына қатысты жағдай мен Украинадағы оқиғалар әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болды. Бұл Еуразия құрлығында жаңа геосаяси сынаққа алып келді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев форумның қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси-экономикалық реформалар жөнінде, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін алдағы республикалық референдумға дайындық барысы туралы жан-жақты мәлімет берді

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Қазақстан Премьер-лигасында командалар саны қысқартылады 

Енді ішкі біріншілікте 12 команда сынға түседі. Бұл шешімді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов мәлімдеді. Әзірге жаңа формат қашаннан бастап күшіне енетіні белгісіз. Еске салайық, 2021 жылдан бастап ҚПЛ-да 14 клуб ойнайды. Ал оған дейін 2013 жылдан бастап 12 команда сынға түсіп келді.

Молдованың экс-президенті Додон қамауға алынды 

Sputnik Молдова басылымының мәліметінше, Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон 72 сағатқа қамауға алынған. БАҚ-та қазір оның үйінде, Садов ауылындағы ата-анасының үйінде және Додонның Калараш ауданындағы басқа нысандарында тінту жүргізіліп жатқаны айтылған. Бұған дейін Молдованың экс-президенті Игорь Додон сыбайлас жемқорлық, заңсыз баю, сондай-ақ, отанына опасыздық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған.

Игорь Додон. Фото ©РИА Новости

Зеленский қандай жағдайда Путинмен келісімге келетінін айтты 

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен тек қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша кездесуге дайын екенін айтты. Зеленский дәл қазір Путинмен жеке кездесудің қиын екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол өз сөзінде тұтқындарды шұғыл алмастыруға дайын екенін білдірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети