Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Өнер

2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегерлері анықталды 07 желтоқсан 2018, 09:14

2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақордада жарияланған Президент қаулысынан белгілі болды.  

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1) ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке - "Алқоңыр дүние" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға - "Абай" операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;
3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке - "Анаға апарар жол" толықметрлі көркем фильмі үшін;
4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға - "Ана сыры" өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;
5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа - "Шуақты шақ" жыр жинағы үшін берілді.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті