28 қазан 2021 17:03

"Ақтау Аруы - 2021" анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтау Аруы - 2021" атағын 20 жастағы Сымбат Абылаева иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ақтау Аруы - 2021" атағын 20 жастағы Сымбат Абылаева иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде заңтану мамандығы бойынша білім алады.

"Сұлулық әлемді құтқарады" дегенге сенемін, жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысқым, өзімнен кішілерге ғана емес, бәріне үлгі болғым келеді", - деді ол.

Сымбат ән айтқанды ұнатады. Төрт жыл мектепте волейболмен айналысып, 2017 жылы жарыста 2-орын алған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Отбасында бес бала бар, Сымбат - балалардың үлкені. Ата-анасы бизнеспен айналысады.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.

Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" - Екатерина Кужекешова, "Алматы Аруы" - Азиза Тоқашева, "Қарағанды Аруы" - Анна Глубоковская, "Астана Аруы" - Айдана Ахантаева, "Тараз Аруы" - Индира Маханова, "Өскемен Аруы" Алина Егорова болған еді. Күн сайын Tengrinews.kz сайтында байқау нәтижелері жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети