02 желтоқсан 2021 10:04

Ақтөбелік жас талант Оңтүстік Кореяда өткен байқауда жеңіске жетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diapazon.kz © diapazon.kz

Ақтөбелік 14 жастағы Снежана Ли Сеулде өткен International Super Queen Korea халықаралық байқауында алтын кубок пен бір миллион вон (шамамен 400 000 теңге) жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. 


Ақтөбелік 14 жастағы Снежана Ли Сеулде өткен International Super Queen Korea халықаралық байқауында алтын кубок пен бір миллион вон (шамамен 400 000 теңге) жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап. 

Жас талант Қазақстан атынан түрлі мемлекеттер мен қалалардан келген 1000 бала қатысқан байқауда өнер көрсетті. Басылымның мәліметінше, оның қазақы нақыштағы ұлттық көйлегі, тілдерді білуі және халық биін орындауы қазылар алқасын таңғалдырып, бәрі оған бірауыздан дауыс берген.

Сыйлық пен ақшадан бөлек, ол модельдік агенттікпен fashion шоулары мен корей телехикаяларындағы түсірілімге қол қойды.

Снежананың ата-анасы үш жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жұмысқа барған, қазір ол Инчхон қаласында сегізінші сыныпта оқиды. Ол төрт тілді жақсы біледі, ән айтады, билейді. Байқауда Снежанна қазақтың салт-дәстүрлері мен мәдениетіне баса назар аударған. Бала кезінен оның бойына ана тіліне деген сүйіспеншілікті әжесі сіңірген. "Қамажай" биі мен қазақстандық дизайнер Динара Қошқарбаева тіккен ұлттық нақыштағы киім ешкімді бейжай қалдырмады.

"Байқау корей тілінде өтті, Снежананың өзін таныстыруы, корей тіліндегі сұрақтарға жауап беруі қазылар алқасын таңғалдырды. Екі жыл бойы ол тіл үйренді, қазір еркін сөйлейді. Байқауда балалардың өзі туралы мәлімет, шығармашылық қабілеті мен киімі бағаланды. Біздің сәнді киімдеріміз, сәукелелеріміз дәстүрлі нақышта тігілген, бірінде Туымыз бейнеленген. Қазақтың дәстүрлері мен мәдениетіне баса назар аудардық, қазылар алқасына Қазақстанды таныстырғымыз келді, өйткені Снежана елімізді бұл байқауда таныстырған бірінші және жалғыз. Басқа қатысушылар К-pор стилі мен заманауи билерге баса назар аударды. Қазылар алқасы таңғалды, барлығы бірауыздан Снежанаға дауыс берді", - деді жеңімпаздың анасы Гүлнар Ахметова.

"Қазір қызым оқып жатыр және ерікті ретінде шетелдік балаларға корей тілін үйренуге көмектеседі. Снежана төрт жасынан бастап ән айтып, би билейді, қазір хоббиі - торт пісіру. Ол Ақтөбеде өскендіктен, біздің Гүл әжеміз оған бәрін үйретті, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Әжеміз немересіне бауырсақ пен етті жиі дайындайтын. Снежана мұны әрқашан сағынышпен есіне алып отырады. Біздің көп ұлтты отбасымызда мен, күйеуім және екі сұлу қызымыз Снежана мен Милана қазақ, корей және орыс тілдерінде еркін сөйлейміз", - деді жас  өнерпаздың анасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети