Алматыдағы Опера балының жүлде қоры 20 мың долларға дейін ұлғайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Опера балы. Фото балдың ресми сайтынан Опера балы. Фото балдың ресми сайтынан

Алматыда 27 маусымда өтетін Опера балына (The VII Opera Ball) бүкіл әлемге әйгілі тенор Роберто Аланья (Roberto Alagna) қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 27 маусымда өтетін Опера балына (The VII Opera Ball) бүкіл әлемге әйгілі тенор Роберто Аланья (Roberto Alagna) қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар 2015 жылы Опера балын халықаралық деңгейде өткізгелі отыр. Егер бұрын жүлделер үшін тек қазақстандық жұлдыздар ғана таласса, 2015 жылдан бастап, номинацияға бүкіл әлемнен орындаушылар ұсынылатын болады. Ұйымдастырушылар әлемнің 100 опера театрына шақыру жолдады. Балдың жүлде қоры 6000 доллардан 20 мың долларға дейін ұлғайтылды.

VII Опера балының құрметті қазыларының құрамына Париж ұлттық операсының музыкалық директоры Жан Филипп Тьеллэй, Вена мемлекеттік операсының музыкалық жетекшісі Томас Лаусманн, Арена ди Веронаның көркемдік жетекшісі Паоло Гаваценни және Лондон корольдік операсының директоры Каспер Холтон кіреді. Кешті 25 қаңтарда АҚШ-та анықталатын "Әлем аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы жүргізетін болады. 

"Опера - өнердің ең эстетикалық формаларының бірі, сондықтан біз үшін жас таланттарды іздеу жолымен оның бір бөлігі болу - үлкен құрмет. Біз бүкіл әлем бойынша жас таланттарға көзге түсуге және әйгілі шеберлердің бағасына ие болуға мүмкіндік бере отырып, әдемі дауыстарды іздейміз. Біз үшін халықаралық деңгейдегі екінші опера жүлдесін тағайындау - толқынысты сәт", - деді The Opera Ball негізін қалаушы Марат Омаров.

Еске сала кетейік, Опера балының бірінші жүлдесін Миландағы музыка консерваториясында білім алып жатқан павлодарлық талант Мария Мудряк жеңіп алған еді. Ол 20 жасқа толмай жатып, аты аңызға айналған La Scala сахнасында өнер көрсетті. Оған жүлдені "Грэмми" иегері, оңтүстіккореялық опера әншісі Суми Чо (Sumi Jo) табыс етті. 17 мамырда өткен Опера балын Сати Казанова мен Гедиминас Таранда жүргізді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer