Астанада Тұрсынбек Қабатовтың комедия театры ашылады

08 Шілде 2018, 09:34
0
© Астананың мәдениет және спорт басқармасы
© Астананың мәдениет және спорт басқармасы

Астанадағы ЭКСПО аумағынан Тұрсынбек Қабатовтың комедия театры ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, танымал әзілкеш театрдың көркемдік жетекшісі лауазымын атқарады. Жаңа мекеме "Комедия театры" деп аталады. Тұрсынбек Қабатов әзілдің барлық бағыттарын қамтитын театрдың көркемдік жетекшісі болады.

Айта кетейік, театрда барша қазақстандықтар ұнататын "Әзіл әлемі", "Назар аудар" бағдарламалары, "КТА" ойындары және қазақстандық әзілкештердің авторлық өнер көрсетулерінен басқа, мектептер, колледждер және ЖОО-лар арасында турнирлер ұйымдастырылады. Театр ЭКСПО көрмесі аумағында "Энергия холлы" ғимаратында орналасады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай