24 қаңтар 2022 14:21

Eurovision-2022 байқауының логотипі мен ұраны жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/eurovision Фото:instagram.com/eurovision

2022 жылы Италияның Турин қаласында өтетін Eurovision байқауының ұйымдастыру комитеті музыкалық байқаудың логотипі мен ұранын ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2022 жылы Италияның Турин қаласында өтетін Eurovision байқауының ұйымдастыру комитеті музыкалық байқаудың логотипі мен ұранын ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Eurovision Song Contest (@eurovision)

Алдағы 66-ән байқауының жаңа ұраны мынадай: "Сұлулық дауысы" деп аударылатын "The Sound of Beauty" .

Байқауға 41 ел қатысады, өйткені Армения бір жыл үзілістен кейін, ал Черногория екі жыл үзілістен кейін оралды.

Бірінші және екінші жартылай финал 10, 12 мамырда, ал ақтық кезең 14 мамырда өтеді.

Дәстүр бойынша, Италия 2022 жылы Eurovision-ді өткізу құқығын 2021 жылғы байқауда жеңіске жеткеннен кейін иеленді.

Еске салайық, байқаудың қазіргі жеңімпазы - 524 ұпай жинап, ақтық кезеңде "Zitti e Buoni" әнін орындап, жеңіске жеткен Maneskin рок-тобы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети