11 маусым 2022 | 10:08

Қазақстандық келіншек үндістандықтарды өнерімен тәнті етті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

29 жастағы Алматы тұрғыны Жазира Әмірова үнді әндерін шырқап, үндістаннан келген қонақтарды даусымен, талантымен тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


29 жастағы Алматы тұрғыны Жазира Әмірова үнді әндерін шырқап, үндістаннан келген қонақтарды даусымен, талантымен тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазира Әмірованың видеосы TikTok-та кеңінен тарап, 1,6 миллион қаралым жинаған. Әлеуметтік желі қолданушылары да жоғары баға беріп, түрлі пікірлер жазды.

Жазира бұл видео Алматыда балаларымен серуендеп жүрген кештердің бірінде түсірілгенін айтады. Күйеуі шетелдіктерді көріп, әйелінің дауысын тыңдауын өтінген.

"Үнділер менің әріптерді дұрыс айтқаныма таңғалып, даусым Шрея Гошалдың дауысына ұқсайтынын айтты", - деді ол.

@amirovazhazira Хотите ещё таких видео! #индусов #казахстан #индия #janammerijanam #hamkohamisechuralo #shahrukhkhan #aiwvariya #хочувтоп #индия🇮🇳 ♬ оригинальный звук - amirovazhazira

"Мен қазақша, ағылшынша, орысша ән айтамын. Бірақ неге екені белгісіз, үнді тілін жақсы көремін", - дейді ол.

Келіншек Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол Тараз қаласында туып-өскен, вокал курсын бітіріп, музыкант мамандығы бойынша жоғары білім алған.

"Мен бала кезімнен әжеммен бірге үнді фильмдерін көргенді ұнататынмын. Олардың әр демалыс күндері теледидар алдына жиналып, жылайтыны есімде", - деп түйіндеді ол.

Жазира Әмірованың орындауындағы үнді әндерін тыңдаған Үндістан азаматы Манож Кумар таңғалғанын жасырмады.

"Әнін естігенде қатты таңғалдым. Егер өзін көрмей даусын естісем үнділік бір әнші айтып жатыр деп ойлайтын едім. Даусы өте әдемі, танымал әншінің дауысындай. Еліме деген сағыныш сезімім оянды, туған жерді бірден есіме алдым. Қазір Қазақстанда, Ақтөбеде оқып жатырмын. Үндістанға бармағаныма көп болды. Қазақстандықтардың Үндістанды қатты жақсы көретініне қуаныштымын. Үндістанның Қазақстан халқына деген махаббаты зор", - деді Манож Кумар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети