ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде "Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс" көрмесі өтеді

31 Қазан 2016, 09:49
0
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде "Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс" көрмесі өтеді - © ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінің баспасөз қызметі
© ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінің баспасөз қызметі

2016 жылдың 2 қарашаcында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Музейдің "Мәдениет арқылы үн қатысу" халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған швед суретшісі Туве Крабоның "Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс" жеке көрмесінің ашылуы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінің баспасөз релизіне сілтеме жасап.

2016 жылы Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар, 1991 жылы 29 тамызда ҚазССР-нің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" № 409 Жарлығына қол қойғанына 25 жыл толуын атап өтіп отыр. Сол қиын-қыстау кезеңде Қазақстанның Президенті полигонды жабу жайлы өте маңызды әрі жауапты шешім қабылдады. Бұл шешім Қазақстанның саяси стратегиясының қалыптасуындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Айта кетейік, "Түзелмейтін қателік: алғашқы жарылыс көрмесі" ядролық сынақтарға және олардың адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген зардабын көрсетуге арналған жұмыстар сериясын ұсынады.

Швеция ұзақ жылдар бойы қарусыздану саласындағы белсенді іс-қимылдарға өз тарапынан күш сала отырып, Қазақстанның ядролық қарусыздануға бағытталған бастамаларын жоғары бағалайды.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығы және Қазақстанның Кеңес Одағынан қалған дүниежүзіндегі қуаты жөнінен 4-орынды иеленетін ядролық қарудан бас тарту шешімі маңызды әрі елеулі оқиға болып табылады.

Айта кететін жайт, биыл Швеция және Қазақстан мемлекеттері 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. "Қазақстанмен бірге Біз де БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде қарусыздану және қаруды таратпау бастамаларын қолдаймыз. Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында осы бірегей көрмені ұсыну арқылы біз ядролық қарудың және ядролық сынақтардың зардаптары жайлы ақпарат беру жұмысын жүргіземіз деген үміттемін", - деді Швецияның Қазақстандағы Елшісі Христиан Камилл

Сондай-ақ, көрмеде суретші Туве Крабо ядролық қарудан зардап шеккен орындарды бейнелейтін жұмыстар сериясын ұсынады. Дүниежүзінде адамдардың кесірінен күн сайын техногенді апаттардың орын алатыны суретшінің санасына жеткен кезде бұл суреттер қазіргі замандағы қауіп-қатерлерге жауап ретінде пайда болды. Туве Крабоның суреттері кинодағы секілді әңгімені баяндайтын сахналық көрініске айналды. Бұл топтаманың басты арқауы - "барлық зұлымдықтың артында адам тұрады". Бұл жеке адамдарға да, сондай-ақ қатаң режимдерге де қатысты.

Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар - осының айқын дәлелі. "Первая молния" - бұл 1949 жылы қолданылған арнайы құпия сөз. Кеңестік режим маңайдағы халықты басқа жерге көшірместен, ядролық сынақтар жасай бастады, соның салдарынан жергілікті тұрғындар сұрапыл зардап шекті.

"Мен өз тәжірибемде мәтінмен жеткізу мүмкін емес әлдебір нәрсені, мәтіннен айтарлықтай өзгеше бір дүниені салуға тырысамын. Ол мен жұмыс жазып жатқан кезде шығармашылық үстінде, көңіл-күйдің әуеніне қарай пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде соңғы шешімді акварель мен сия қабылдайды. Менің өнерім кино секілді, онда драма, көңіл-күй, қозғалыс, жарық пен түнек бар. Көбіне өз образдарымды интернет желісінен аламын, олардың басым бөлігі адамзат трагедиясы мен экологиялық зардап шеккен орындар. Мен қазіргі қоғамдағы апатты оқиғалар ағымы адамзатты мейірімсіз ете ме деп қорқамын. Адамзатқа қасірет әкелетін құбылыстар мен оқиғаларға жаңа, шынайы мән-мағына беретін жанашырлық пен түсіністік секілді сезімдерді бейнелеу өнері арқылы қайтарғым келеді", - дейді суретшінің өзі.

Туве Крабо кино, проза, бейнелеу өнері тәрізді өнердің түрлі саласымен шұғылданады. Суретші әрбір фильмі жеке жоба әрі мәтінге (сценарий, тарих) сай өнер болып табылатын өзінің кинодағы жұмыс тәжірибесін бейнелеу өнерімен ұтымды ұштастырып келеді


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай