11 мамыр 2016 18:13

"Лир патша" трагедиясы Тәжікстандағы V Республикалық "Нигохи Нав" фестиваліне қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уиллиам Шекспирдің әлем сахналарында қойылған "Лир патша" шығармасы енді Тәжікстанда өтетін V Республикалық жастар театр фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Уиллиам Шекспирдің әлем сахналарында қойылған "Лир патша" шығармасы енді Тәжікстанда өтетін V Республикалық жастар театр фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Спектакльдің сахналық нұсқасын жасаған - Мадина Омарова, қоюшы режиссері - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты Елік Нұрсұлтан.

Мамыр айының 7 жұлдызында Әуезов театрының кіші залында Шекспирдің "Король Лир" шығармасының желісі бойынша "Лир патша" спектаклінің алғашқы көрсетілімі өткен болатын. Шекспирдің атақты трагедиясының бұл нұсқасында әке мен балалар арасындағы тақталас, адам бойындағы гуманистік қасиеттер мен пендеауи тірліктер текетіреске түсіп, махаббат пен ғадауат, адалдық пен сатқындық, риясыздық пен ашкөздік тайталасы салқынқанды зерделенеді.  Ұлы Британияның аты аңызға айналған королі Лир патша бейнесінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда, Кент бейнесінде Ермек Бектасов ойнайды. Ал Лир патшаның қыздарының ролінде театрдың жас әртістері: Әсел Сайлауова (Гонерилья), Жанаргүл Жаныаманова (Регана), Динара Үсенова (Корделия) өнер көрсетеді.

Спектакль сюжетінде Ұлы Британия королі Лирдің өз тағынан бас тартып, ел мен жерін үш қызына бөліп бермекші болғандағы оқиғасы баяндалады. Қыздарына еншіге беретін жер көлемін анықтау мақсатында әкесі олардан перзенттік сезімдерінің қаншалықты екендігін сұрайды. Мұндай мүмкіндікті жібермейтін үлкен және ортаншы қыздары әкелеріне деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге барын салады. Ал кенже қызы Корделия жағымпазданудан бас тартып, өз сезімін сөзбен жеткізе алмайтындығын білдіреді. Екі қызынан ерек көретін ерке қызынан мұндай әрекет күтпеген Лир патша қаһарына мініп, Корделияны қуып шығып, жерді теңдей тұңғышы мен ортаншы қызына бөліп береді. Тәтті сөзге ерік беріп, алдамшы сезімнің соңынан кетіп, билігінен айырылған Лир патшаның бұдан кейінгі халі не болмақ? Бір мемлекетті екіге бөліп билеп-төстеген әпкелі-сіңлілердің басы бір қазанға сыя ма? Осы сауалдарға қойылым авторлары көрермендермен бірлесе отырып жауап іздейді.

V Республикалық "Нигохи Нав" (жаңа көзқарас) Жастар театр фестивалі 16-20 мамыр аралығында Тәжікстанның астанасы Душанбеде өтеді. Ал Мұхтар Әуезов театрының қойылым тобы 18 мамыр күні өнер көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети