Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі "Көкшетау Аруы - 2021" атанды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі "Көкшетау Аруы - 2021" атанды

26 жастағы Әйгерім Әутәліпова 2021 жылғы Көкшетау аруы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 жастағы Әйгерім Әутәліпова 2021 жылғы Көкшетау аруы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйгерім Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша бітірген. Қазір ол өзін-өзі тану мұғалімі болып жұмыс істейді және SMM-менеджері.

Әйгерім тамақ дайындағанды, кітап оқығанды ​​және достарымен уақыт өткізгенді жақсы көреді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

"Отбасында бес адамбыз. Анам, ағам, жеңгем, жиенім және мен. Әкем 5 жыл бұрын қайтыс болды. Тату отбасымыз, анам немере тәрбиесінде, ағам құрылыс компаниясында, ал жеңгем емханада жұмыс істейді", - деді қыз.

Алғаш рет байқау онлайн өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көреді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізеді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасы отырысын және қатысушылар сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" Екатерина Кужекешова болған еді. "Алматы Аруы - 2021" - Азиза Токашова, "Қарағанды ​​Аруы - 2021" - Анна Глубоковская, "Шымкент Аруы - 2021" Шұғыла Жақсыбекова мен "Семей Аруы - 2021" Регина Крюкова болды. Гандболдан Қазақстан чемпионы "Қостанай Аруы - 2021" атанса, 17 жастағы Айсұлу Сағындықова 2021 жылғы Қызылорда аруы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети