16 шілде 2021 15:26

Пандемия кезінде жұмысынан айрылған қостанайлық анимация салуды қалай бастағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нана Селунская Нана Селунская

Қостанай тұрғыны Нана Селунская карантин кезінде сурет салып, анимация жасаумен айналысқан. Ол хоббиін қалай ақша табу көзіне айналдырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай тұрғыны Нана Селунская карантин кезінде сурет салып, анимация жасаумен айналысқан. Ол хоббиін қалай ақша табу көзіне айналдырғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пандемия басталғанға дейін Нана Ресейде жұмыс істеген. Жаңа жылда Қазақстанға келгеннен кейін карантин басталып, қыз елде қалып қойған. Нана күйзелістен шығу үшін сурет салуды бастаған және одан ақша табуға болады деп ойламаған. Нананың алғашқы жұмыстарының бірі - "Дискотека авария" тобының бұрынғы жетекшісі Николай Тимофеевтің сингліне арналған мұқаба.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от nikolaytimofeev🌟Нико лайТ (@nikolaytimofeev)

Мамырда ресейлік рэпер Птаханың клипі шықты. Оған да Нана анимация жасаған. Ол музыканттан тапсырыс аламын деп ойламаған. Нана анимация салатынын айтып, түрлі чаттарда хабарлама жариялайды. Кейін оған рэпердің ұжымы хабарласқан.

"Жұмысты алғанымда оның кім үшін екенін білмедім. Путин мен Навальныйды анимациялау керек екенін білгенде тапсырыстан бас тарту туралы да ойладым. Анимация авторы етінде аты-жөнім аталмағаны да дұрыс болған шығар", - деді ол.

Сонымен қатар, Нана әйгілі кәсіпкер Игорь Рыбаковтың "Принципы успеха" шытырман оқиғалы мини-сериясын салып шыққан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от RYBAKOV X10 ACADEMY (@x10_academy)

"Тапсырыс ақысын уақытында төлейтіндерді жақсы көремін. Алдағы уақытта рэперлермен жұмыс істемеймін. Мен Константин Хабенский қорына мультфильм жасауды армандаймын. Сондай-ақ, Лазарев ұнайды, онымен жұмыс істегім келеді. Иманбек те ол жігітті мақтан тұтамыз, ол керемет", - деді Нана Селунская.

Айта кетейік, Нана Селунская ресейлік "Таврида" форумының жеңімпазы, онда ол өміріне негізделген фильм сценарийін ұсынған. Сыйлық ретінде STS телеарнасында тағылымдамадан өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети